Ақмола облысы Бұланды ауданында 115 отбасы үшін жаңа үйлер салынады

Ақмола облысы Бұланды ауданында 115 отбасы үшін жаңа үйлер салынады

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі су тасқынынан зардап шеккен аймақтардағы қалпына келтіру жұмыстарының барысы туралы ақпарат беруді жалғастыруда.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Ахуалдық орталығының деректері бойынша, Ақмола облысында барлығы 1265 объектіге техникалық тексеру жүргізілді, оның нәтижелері бойынша келесі шаралар жоспарланған:

- 331 үй салу – 273-і басталған;

- 220 үй сатып алу - 192 үй сатып алынды;

- 714 үйге жөндеу жұмыстарын жүргізу.

Бұланды ауданында су тасқынынан зардап шекккендерге 115 тұрғын үй салынады. Сонымен қатар, 113 үйде жөндеу жұмыстарын жүргізу және 10 отбасыға тұрғын үй сатып алу жоспарланған. Құрылыс және жөндеу жұмыстары жаз соңына дейін аяқталады деп күтілуде. Иванковка ауылында жаңа 41 үйдің құрылысы басталды. Жаңа үйдің көлемі 80 шаршы метрді құрайды. Құрылыс барысын портал арқылы gov.kz онлайн режимде бақылауға болады.