«Мемсараптама» РМК-ға 1 633 өтінім қайтарылды

«Мемсараптама» РМК-ға 1 633 өтінім қайтарылды

2024 жылдың басынан «Мемсараптама» РМК-ға 1 633 сараптамаға өтінім қайтарылды. Жобаларды толықтығын тексеру сатысында пысықтауға қайтару бойынша ең жиі ескертулер:

- жобалау шешімдерінің құнын Шарттың құнына жасанды түрде асыра бағалау не төмендету бөлігінде жобалау-іздестіру жұмыстарының негізсіз есептеулері;

- инженерлік іздестіру материалдарының, оның ішінде іздестіру қызметіне лицензияның болмауы;

- жер учаскесінің нысаналы мақсатын дұрыс көрсетпеу;

- шекті құнды есептеудің болмауы.

Одан бөлек, кейбір жағдайларда тапсырыс берушілер түзету кезінде бюджеттік комиссияның шешімі, сондай-ақ түзету кезінде орындалған және қалдық нақты жұмыс көлемдерінің бөлу ведомосы ұсынылмайды.

Қала құрылысы жобаларының сараптамасына қатысты мемлекеттік қала құрылысы кадастрының Дерекқорында тіркелмеген топографиялық түсірілімді ұсыну, сондай-ақ әзірленген қала құрылысы жобасын мемлекеттік қала құрылысы кадастрының мәліметтерімен салыстыру рәсімінен өту туралы ақпараттың болмау жағдайлары да бар.

Жоба сараптамасынан өту процесінде осындай қателіктерді азайту мақсатында тапсырыс берушілерге Профильді Ережелердің талаптарымен және www.gosexpertiza.kz сайттындағы ақпаратпен танысуға кеңес беріледі