
«MiningWeek Kazakhstan’2024» тау-кен-металлургиялық кешен және жер қойнауын тиімді пайдалану технологиялары мен жабдықтарының 19-шы халықаралық көрмесі Қарағанды қ. басталды.
Көрме аясында «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» РМК «Ж. Әбішев атындағы химия-металлургия институты» филиалы Қазақстанның ферроқорытпа өнеркәсібінің даму перспективаларын талқылау бойынша семинар өткізді. Семинарға отандық және шетелдік өндірістік компаниялар мен университеттердің өкілдері қатысты. Қатысушылар тау-кен металлургия кешенін дамытудағы ғылыми зерттеулердің рөліне көп көңіл бөлді.
Пирометаллургиялық процестер зертханасының меңгерушісі, техника ғылымдарының кандидаты, профессор Алибек Байсанов ферромарганецтің тазартылған сорттарын балқытудың ресурс үнемдейтін технологиясын құру нәтижелерімен таныстырды. Технология мемлекеттік қолдаудың арқасында коммерцияланды. Институт негізінде әр түрлі сорттағы ферромарганецтің тазартылған ФМн88, FeMn80C20LP және ФМн 78 сорттарын өндіру құрылды. 20-дан астам адам жұмыспен қамтылды, 120 тоннадан астам орташа көміртекті ферромарганец өндіріліп, сатылды.
Семинарға қатысушылар құрылған кәсіпорынның маңызды артықшылықтарының қатарында оны кез келген ферроқорытпаны балқытуға қайта бейіндеу мүмкіндігін атап өтті.