
Утиль алымы мәселелері бойынша петицияны қарау жөніндегі Жұмыс тобы бастамашылар мен белсенділердің қатысуымен Қостанай қ. «АгромашХолдинг KZ» АҚ-да болды.
«АгромашХолдинг KZ» АҚ Қазақстандағы «ESSIL», «LOVOL» және «КИРОВЕЦ» маркалы ауыл шаруашылығы техникаларын, атап айтқанда комбайндар мен тракторларды шығаратын жалғыз кәсіпорын.
Кәсіпорынның ауданы 36 мың ш. м. асады. Оның жалпы өнімділігі жылына 5 мың бірлік құрайды. Зауыт ауыл шаруашылығы көліктерінен басқа жалпы машина жасау тораптарын және бөлшектерін шығарады, сонымен қатар ауыл шаруашылығы техникаларына кепілдік және техникалық қызмет көрсетеді.
Өтінішті егжей-тегжейлі қарау үшін Жұмыс тобының толық құрамы зауыттың өндірістік барысымен танысты.
Жұмыс тобының құрамында ҚР Парламентінің депутаттары, Өнеркәсіп және құрылыс, Экология және табиғи ресурстар, Ауыл шаруашылығы министрліктерінің вице-министрлері, Ішкі істер, Мәдениет және ақпарат, Ұлттық экономика, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінің, Жасыл Даму» АҚ, «Қазақстанның автокөлік одағы» ЗТБ, «Қазақстанның өнеркәсіптік инвесторлар одағы» ЗТБ, «Қазақстанның тәуелсіз бизнес одағы» ЗТБ, өкілдері, сонымен қатар петиция бастамашылары қатарынан «Республикалық қайталама металлургия өнеркәсіпшілер одағы» ассоциациялары, дербес автомобиль одағы және «Әділдік үшін» ҚҚ өкілдерінің бар екенін еске саламыз.
Жұмыс тобының зауытқа баруы туралы видеоның толық сілтемесі Министрліктің әлеуметтік желілерінде жарияланады.