ҚазҚСҒЗИ-дағы дөңгелек үстел: Канадалық сарапшымен сейсмикалық қауіпті бағалау бойынша тәжірибе алмасу

ҚазҚСҒЗИ-дағы дөңгелек үстел: Канадалық сарапшымен сейсмикалық қауіпті бағалау бойынша тәжірибе алмасу

Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу институтында “ҚазҚСҒЗИ" АҚ, "Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы" мамандары және канадалық сарапшы Туна Онурдың қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Профессор Онур Канаданың сейсмикалық тәуекелдер жөніндегі кеңесшісі және тұрақты жобалау комитетінің мүшесі, жер сілкінісінің қауіптерін паспорттау және бағалау тәжірибесімен бөлісті.

Ол сейсмикалық тәуекелді бағалау әдістерін қолдану және ғимараттардың жер сілкінісіне төзімділігін арттыру шешімдерін әзірлеудің нәтижелерімен таныстырды. Канадада қолданылатын алгоритм Қазақстанда қабылданған тәсілге ұқсас, бұл жер сілкінісіне төзімді құрылыс саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.

Жер сілкінісіне төзімді құрылысты дамыту мүмкіншіліктері және халықаралық сарапшылармен өзара ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды. Дөңгелек үстел 26-27 маусымда Алматыда өтетін жер сілкінісіне төзімді құрылыс жөніндегі базалық ұйымның отырысына орайластырылған және 9 елден бейінді министрліктердің өкілдерін жинайды.