Қанат Шарлапаев Түрік елінің өкілдерімен кездесті

Қанат Шарлапаев Түрік елінің өкілдерімен кездесті

Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев "El-Bakir"компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында мыс сымдарды дамыту аясындағы бірлескен ынтымақтастықтың келешегі талқыланды.


Министр Түрік елінің Қазақстанның халықаралық аренадағы маңызды серіктесі ретіндегі маңыздылығын атап өтіп, елдер арасындағы қатынастардың жоғары деңгейін атап өтті.

Атап айтқанда, "El-Bakir" Басқарма төрағасының орынбасары Седат Эриоглу мырза осы жоба аясындағы бірлескен ынтымақтастық Қазақстан Республикасы мен Түрік елі арасындағы өзара қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтеретінін атап өтті.

Келіссөздер қорытындысы бойынша Тараптар сындарлы диалог үшін ризашылықтарын білдіріп, екіжақты қатынастарды дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Айта кетейік, "El-Bakir" қуаты жылына 200 мың тоннадан асатын Түркиядағы катодты мыстың ірі өндірушісі болып табылады.