
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев а.ж. 25 маусымында Үкімет отырысында «Алдағы жылу беру маусымына дайындық барысы туралы» тақырыпта баяндама жасады.
Отырыс барысында Министр алдағы 2024-2025 ж.ж. жылыту маусымына дайындық жұмыстары басталғаны туралы айтты.
Министрлік жергілікті атқарушы органдарға, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясына және көмір өндіруші кәсіпорындарға нақты мерзімдерді көрсете отырып, халықтың және бюджеттік ұйымдардың көмірге қажеттілігін қалыптастыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарын жолдады.
Жоспарға сәйкес ағымдағы жылыту кезеңінде көмірге қажеттілік 8,6 млн тоннаны құрайды.
«Ағымдағы жылдың 5 айында 42,2 млн тонна көмір өндірілді, оның ішінде коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге және халыққа 1,9 млн тонна жөнелтілді», – атап өтті Қанат Шарлапаев.
Сонымен қатар, алдағы жылыту маусымына сапалы және уақтылы дайындалу мақсатында Министрлік әкімдіктердің деректері негізінде Қажеттілік жоспарын қалыптастырды.
Білім беру нысандары бойынша 10,7 мың объектінің бүгінде 3,7 мыңы, денсаулық сақтау нысандары бойынша 5,7 мыңнан 2 мыңы дайын, тұрғын үйлер бойынша – 51,6 мыңнан 9,7 мың үй дайындықтан өтті.
Республика бойынша алдағы жылыту маусымына шамамен 12 дербес қазандықты дайындау қажет. Бүгінгі таңда 3 мыңнан астамы дайындалды.
Автономды қазандықтарды отын қорымен қамтамасыз ету мақсатында 1,3 млн тоннадан астам көмір, 9,2 мың тонна мазут және 61 мың тонна дизель отынын дайындау қажет. Бүгінгі таңда 220 мың тонна көмір, 8,9 мың тонна мазут және шамамен 8 мың тонна дизель отыны дайындалды.
Одан бөлек, 541 шақырымға жуық жылумен жабдықтау желілерін күрделі жөндеу және қайта жаңарту жоспарланған.. Бүгінгі таңда 125 шақырым жылу желілері жөнделді. Сумен жабдықтау желілерінде – шамамен 3,2 мың шақырымды жөндеу жоспарланып, 1,3 мың шақырым жөнделді. Су бұру желілерінде – 669 шақырымның 331 шақырымы жөнделді.