
Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккен тұрғын үйлерді жөндеу жұмыстары белсенді жүргізілуде.
Қызылжар ауданындағы Тепличное, Петропавлдағы Былғары және Заречный кенті, Ойқала шағын ауданында үйлерді жөндеу жұмыстары белсенді жүргізілуде. Сондай-ақ, апатты үйлерді сүру жұмыстары да жалғасуда. Бұл жұмыстарға 600-ден астам адам жұмылдырылған.
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Ахуалдық орталығының мәліметінше, Солтүстік Қазақстан облысында барлығы 4 001 объектіге техникалық тексеру жүргізілді, оның нәтижелері бойынша:
- 700 үй салу - 100 аяқталды;
- 1329 үй сатып алу - 450 сатып алынды;
- 1972 үйге жөндеу жұмыстарын жүргізу - 531 аяқталды.
Инфрақұрылымды тез қалпына келтіру және тұрғындарды қысқа мерзімде жаңа тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында жүйелі жұмыстар жалғасуда.