
ҚР Президентінің «Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы» 2024 жылғы 8 мамырдағы №542 Жарлығының 6-тармағының 4-тармақшасында: 2024 жылғы 1 шілдеге дейін алдыңғы қатарлы бүкіләлемдік стандарттар бойынша әзірленген іске асырылған халықаралық жобаларды қазақстандық талаптарға сәйкес жобалық-сметалық құжаттаманы міндетті әзірлеусіз пайдаланудың мүмкіндігін қамтамасыз етсін делінген.
Жоғарыда аталған тапсырма аясында, сондай-ақ әлеуетті стратегиялық ынтымақтастық үшін, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков Royal Institution of Chartered Surveyors (RICS) компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді. Мохамед Мұса – RICS KSA филиалының басқарма мүшесі және Ольга Витчельс – Парсонстың даму жөніндегі директоры.
RICS өкілдерінің сапарының негізгі мақсаты – жоба құнын бағалаудың халықаралық стандарттарын енгізу арқылы елдің инвестициялық әлеуетін арттыру мақсатында Корольдік маркшейдер институты (RICS) мен Қазақстан Республикасы арасындағы серіктестікті дамыту. Сондай-ақ жергілікті мамандардың сапасын арттыру үшін құрылыс құнын бағалаушылар арасында RICS сертификатын енгізу.
Анықтама: The Royal Institution of Chartered Surveyors (RICS) – жылжымайтын мүлік саласындағы чартерлік маркшейдерлердің корольдік қоғамы – 1868 жылы Ұлыбританияда құрылған. Құрылыс, жылжымайтын мүлік және жер пайдалану саласындағы стандарттарды белгілейтін және кәсіби қызметті реттейтін тәуелсіз халықаралық кәсіби ұйым. Бүгінгі таңда RICS-тің 146 елде 100 000-нан астам толық мүшесі бар.
Бүгінгі таңда RICS әзірлеген жоба құнын бағалау стандарттары әлемнің барлық жетекші елдерінің ұлттық стандарттарына бейімделді, сол арқылы біртұтас халықаралық стандарт қамтамасыз етілді, бұл өз кезегінде шетелдік инвесторлар немесе мердігерлер қатысатын ірі жобаларды жүзеге асыруды жеңілдетеді.
RICS беделді компаниялардың бірі. Ең алдымен, сертификаттың болуы шығын инженерінің жоғары құзыреттілігін растайды. Екіншіден, шетелдік компаниялар батыстық жұмыс әдістерін түсінетін сарапшымен ынтымақтасуға ынталы болады. Көптеген инвесторлар жобаның тек отандық емес, халықаралық стандарттарға сай болуын талап етеді.