Петиция бастамашылары «Семей Механикалық зауытына» да келмеді

Петиция бастамашылары «Семей Механикалық зауытына» да келмеді

Утиль алымы мәселелері бойынша петицияны қарау жөніндегі жұмыс тобы «Семей Механикалық зауыты» ЖШС-де болды. Петиция бастамашылары мен белсенділері кәсіпорынға бару мақсатындағы Жұмыс тобының отырысына келмегенінеқарамастан, басқа мүшелері өндіріспен танысу үшін зауытқа барды.

«Семей Механикалық зауыты»автомобильдердің кузовтарын шығарумен айналысады. Қызмет ету аясына автокөліктерге арналған кузовтар мен кабиналарды, тіркемелер мен жартылай тіркемелерді, шанақ бөлшектері мен керек-жарақтарын, битум қоспаларын өндіру кіреді. Қосымша олар қара металдардан металл конструкциялары мен металл бұйымдарын шығарады: фермалар, арқалықтар, бағаналар, қаңқалар, бактар, қоршаулар, қақпалар, есіктер және шағын архитектуралық пішіндер.

Зауыт аумағында механикалық және кузов цехтары, сондай-ақ арнайы құрал-жабдықтар цехы бар. Қазіргі уақытта компания өнім сапасын жақсарту, ассортиментін кеңейту, жаңа нарықтар мен өнімдерді қолдану салаларын іздеу бойынша жұмыс істеуде.

Зауыт өнімдерінің негізгі тұтынушыларының қатарында «СемАЗ» ЖШС, «Павлодарсоль» ЖШС, «ВКО Транс» ЖШС, «ВОСТОКБАМ» ЖШС, «Алтын Таға ПК» ЖШС, «Astana Grand Trade» ЖШС және т.б. бар.

Жұмыс тобының зауытқа баруы туралы видеоның толық нұсқасына сілтеме министрліктіңәлеуметтік желілерінде жарияланады.