Қуандық Қажкенов Дүниежүзілік банк өкілдерімен кездесті

Қуандық Қажкенов Дүниежүзілік банк өкілдерімен кездесті

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов Дүниежүзілік банк өкілдерімен кездесу өткізді. Банк өкілдері Қазақстанның тікелей шетелдік инвестицияларды тарту жөніндегі Орталық Азиядағы көшбасшы екенін атап өтті.

ҚР Президенті мен Үкіметінің тапсырмасына сәйкес Министрлік «Кәріз тазарту құрылыстарын салу және қайта жаңғырту бағдарламасын» жүзеге асыруда. 89 қаланың ішінде 69 кәріздік тазарту қондырғысын салу және қайта жаңарту қажет.

«Тазартылған сарқынды суларды және қалдық тұнбаларды қайта пайдалану стратегиясын» әзірлеу мақсатында Дүниежүзілік банк тобымен, салалық мемлекеттік органдармен және салалық сарапшылармен бірлесіп Ведомстводан тыс жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобы техникалық, нормативтік аспектілері, сондай-ақ өнеркәсіптік және коммуналдық секторларда тазартылған сарқынды суларды пайдалану әлеуетін зерделейтін болады.

Дүниежүзілік банкпен коммуналдық сектордағы ынтымақтастық – маңызды және перспективалы бастама. Ұйымның осы саладағы халықаралық тәжірибесін ескере отырып, елдің инфрақұрылымын жаңғыртуға ғана емес, экологиялық жағдайын да жақсартуға болады.

Кездесу барысында Банк өкілдері жүзеге асырылып жатқан жобалар, несиелер беру процесі және жобаларды бірлесіп қаржыландыру мүмкіндіктері туралы айтып берді.

Делегация одан әрі ынтымақтастықты, сондай-ақ өңірлік кооперацияны дамытуға үлес қосуға ниет білдірді.