«ТКШ ҚазОрталығы» АҚ «Japan Bank for International Cooperation» және «HITACHI» компанияларымен кездесу өтті

«ТКШ ҚазОрталығы» АҚ «Japan Bank for International Cooperation» және «HITACHI» компанияларымен кездесу өтті

«ТКШ ҚазОрталығы» АҚ Жапондық халықаралық жобаларға жәрдемдесу орталығының қолдауымен «Japan Bank for International Cooperation» (JBIC) делегациясымен және «HITACHI» корпорациясымен кездесу өткізді.

Талқылау барысында тараптар кәріз-тазарту құрылыстарын салу, жаңғырту және «JBIC» қаражатынан қаржыландыру бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылады.

«JBIC» делегациясының өкілдері банктің қызметі, Энергия және табиғи ресурстарды қаржыландыру тобының Энергия шешімдерінің қаржы департаменті, сондай-ақ жұмыстың негізгі бағыттары мен қазақстандық серіктестермен ынтымақтастық мүмкіндіктері туралы презентация жасады.

Сонымен қатар, жиынға қатысушылар Астана қаласының кәріз-тазарту құрылыстарын аралады. Жапон делегаттары сапар барысында нысандардың ағымдағы жай-күйімен жеке танысты.

Келесі кезекте тарапта Қазақстанда жапондық «HITACHI»  технологияларды қолдану перспективаларын талқылады.

Тараптар инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырудағы ынтымақтастықты жалғастыру ниеттерін растап, қол жеткізілген уағдаластықтарға разылығын білдірді. Белгіленген мақсаттарға жету үшін нақты қадамдар мен іс-шараларды одан әрі пысықтау жоспарлануда.