Петицияны қарау жөніндегі Жұмыс тобы салынып жатқан «Astana Motors» зауытына келді

Петицияны қарау жөніндегі Жұмыс тобы салынып жатқан «Astana Motors» зауытына келді

Утиль алымы мәселелері бойынша петицияны қарау жөніндегі Жұмыс тобы а.ж. 18 маусымында салынып жатқан «Astana Motors Manufacturing Kazakhstan» зауытына барды.

Бұл Chery, GWM және Changan жеңіл автокөліктерін шығаратын толық циклді мультибрендті зауыт болады, сонымен қатар «Астана Моторс» компаниясының еншілес кәсіпорны.

Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 90 000 бірлікті құрайды. Зауыт 9 автомобиль моделін шығаруды жоспарлап отыр, Chery, Changan және Great Wall Motor-дан үш моделден.

Зауыттың 309 000 ш.м. үш жартылай автоматтандырылған пісіру цехы, жартылай роботтандырылған үш құрастыру желісі, 1 автоматтандырылған шанақ бояу цехы, 1 автоматтандырылған пластик бөлшектерді бояу цехы орналасады. Шанақ бояу цехында 9 катафорез ваннасы және соңғы буынның 34 роботы мен атомизаторы бар.

Кәсіпорынның ерекшелігі – зауыт құрылысында қолданылатын материалдардың 50%-дан астамы Қазақстанда өндірілсе, кейбір позициялар бойынша үлес салмағы 100%-ға жеткен. Бұл бетон, арматура, құбырлар, желдету арналары. Құрылыс жұмыстарының 90%-ын қазақстандық мамандар жүргізсе, қалған бөлігін шақырылған инженер-консультанттар құрайтынын ескерген жөн.

Петициядағы мәселелерді жан-жақты зерделеу мақсатында Жұмыс тобының мүшелері зауыттарды аралау кесте аясында кәсіпорындарға барып, өндіріс барысымен танысады. Топтың сапарларын республикалық БАҚ тікелей эфирде көрсетеді.

Жұмыс тобының құрамында ҚР Парламентінің депутаттары, Өнеркәсіп және құрылыс, Экология және табиғи ресурстар, Ауыл шаруашылығы министрліктерінің вице-министрлері, Ішкі істер, Мәдениет және ақпарат, Ұлттық экономика, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінің, Жасыл Даму» АҚ, «Қазақстанның автокөлік одағы» ЗТБ, «Қазақстанның өнеркәсіптік инвесторлар одағы» ЗТБ, «Қазақстанның тәуелсіз бизнес одағы» ЗТБ, өкілдері, сонымен қатар петиция бастамашылары қатарынан «Республикалық қайталама металлургия өнеркәсіпшілер одағы» ассоциациялары, дербес автомобиль одағы және «Әділдік үшін» ҚҚ өкілдері бар.

Петиция бастамашылары мен белсенділерінің кәсіпорынды аралау жөніндегі Жұмыс тобының кездесуіне келмегенін еске саламыз.

Жұмыс тобының зауытқа баруы туралы бейнероликтің толық сілтемесі кейінірек ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің әлеуметтік желілерінде жарияланады.