
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі қатты пайдалы қазбалардың баланстық қорлары бар 23 кен орны бойынша электрондық аукцион өткізілетіні туралы хабарлайды.
Аукционға қатысуға өтініштер ағымдағы жылғы 24 маусымнан 23 шілдесіне дейін «minerals.gov.kz» жер қойнауын пайдаланушылардың бірыңғай платформасы арқылы қабылданатын болады.
Электрондық аукцион ағымдағы жылғы 12 тамызда e-qazyna.kz Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында өтеді.
Аукционға қойылған кен орындарының тізімі және аукционды өткізу тәртібімен Министрліктің сайтында танысуға болады.
https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/documents/details/676006?lang=ru