
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде АтамекенҰКП және бизнес-қоғамдастықпен бірлесіп елішілік құндылықты дамыту бойынша заңнамалық өзгерістер талқыланды.
Кездесуге сондай-ақ «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС, «KAZ MineralsManagement» ЖШС, «ERG» ЖШС, «Казцинк» ЖШС, «Полиметалл Еуразия» ЖШС, «Qarmet» АҚ, «Тау-кен өндірушілері және тау-кен металлургиялық қауымдастығы», «ErliconCG» ЖШС, «HallerLomaxөкілдері қатысты.
Шара барысында«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Кодекске және «Өнеркәсіптік саясат туралы Заңға ұсынылған өзгерістержайында түсініктеме берілді. Талқылау қорытындысы бойынша Министрлік жер қойнауын пайдаланушылар көтерген сұрақтарға жауап берді.