
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов а. ж. 11 маусымында Үкіметтің Азаматтарды қабылдау орталығында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізді.
Қатысушылар орындалған тұрғын үй жөндеу жұмыстарының сапасы, құрылысқа жобалық менеджменттің жаңа институтын енгізу, техникалық және сәулеттік қадағалаудың инжинирингтік қызметтерін біріктіру мәселелері бойынша жүгінді. Тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері де көтерілді.
Одан бөлек, вице-министрге құрылыс-монтаждау және жобалау саласында қызмет көрсету мәселесі бойынша да жүгінді.
Вице-министр азаматтарға белсенді ұстанымы үшін алғыс айтып, барлық сұрақтар мен ұсыныстарға жан-жақты жауап берді.