
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі су тасқынының зардаптарын жою мақсатында жұмысты жеделдету бойынша белсенді шаралар қабылдауда.
Батыс Қазақстанның Бөрлі ауданындағы зардап шеккен төрт ауылда – Ақсу, Аралтал, Кеңтүбек және Пугачевода су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға 60 жаңа үйдің құрылысы жалғасуда. Құрылыс барысын gov.kz порталы арқылы онлайн бақылауға болады.
Құрылыс жұмыстарын а. ж. қыркүйек айында аяқтау жоспарлануда. Сондай-ақ, 241 үйде жөндеу жұмыстары жүргізілсе, оның 234-інде жөндеу жұмыстары аяқталды. Сондай-ақ, 46 үй сатып алынды, тағы 20 отбасына баспана алу жоспарлануда.
ҚР ӨҚМ Ахуалдық орталығының мәліметінше, Батыс Қазақстан облысында 3332 нысанға техникалық зерттеу жүргізілген. Зерттеу нәтижелері бойынша келесі іс-шаралар жоспарланған:
- 401 тұрғын үй салу;
- 1 497 үй сатып алу;
- 1434 үйде жөндеу жұмыстарын жүргізу.
Осы шаралар инфрақұрылымды жедел қалпына келтіру, тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында жүргізілуде.
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі