2024 жылдың қыркүйегіне дейін Құлсарыда 100 тұрғын үй салынады

2024 жылдың қыркүйегіне дейін Құлсарыда 100 тұрғын үй салынады

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Атырау облысындағы су тасқынының зардаптарын жою барысын бақылауда.

ҚР ӨҚМ Ахуалдық орталығының мәліметінше, Атырау облысында 2663 нысанға техникалық зерттеу жүргізілген. Оның нәтижелері бойынша келесі шаралар жоспарлануда:

- 104 тұрғын үй құрылысы

- 1 424 тұрғын үй сатып алу;

- 1135 тұрғын үйде жөндеу жұмыстарын жүргізу.

​Су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар үшін жоспарланған 100 тұрғын үйдің 48-інің құрылысы басталды. Құрылыс жұмыстарын а.ж. қыркүйек айына дейін аяқтау жоспарлануда. 1424 тұрғын үйді сатып алу жоспарланса980 үй сатып алынған. Жөндеу жұмыстары жүргізілетін тұрғын үйлер бойынша, 795-інде жөндеу үдерісі басталып кетті.

​Жұмыстар инфрақұрылымды қалпына келтіріп, тұрғындарды тез арада жаңа баспанамен қамтамасыз ету мақсатында жүргізілуде