
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі БатысҚазақстан облысындағы су тасқынының зардаптарынан тұрғын үйлер құрылысының үдерісін бақылауда.
ҚР ӨҚМ Ахуалдық орталығының мәліметінше, БҚО-нда 3 320 нысанға техникалық зерттеу жүргізілген. Оның нәтижелері бойынша келесі шаралар жоспарлануда:
401тұрғын үй құрылысы
- 1 214 тұрғын үй сатып алу;
- 1 705 тұрғын үйде жөндеу жұмыстарын жүргізу.
Су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар үшін жоспарланған 401 үйдің құрылысы басталса, 1214 үйдің 92-сі сатып алынды.
Сырым ауданында 114 үйдің құрылысы жүргізілуде, аяқталу мерзімі ағымдағы жылдың тамыз айының соңына дейін. Дегенмен, Өлеңті ауылындағы 38, Бұлдыртыдағы 25 үйде жұмыстар қызу жүріп жатыр. Ал 129 үйде жөндеу жұмыстары аяқталды.
Құрылыс барысын gov.kz порталы арқылы онлайнбақылауға болады.
Жұмыстар инфрақұрылымды қалпына келтіріп, тұрғындарды тез арада жаңа баспанамен қамтамасыз ету мақсатында жүргізілуде