
«Astana Mining & Metallurgy» Конгресі аясындаҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев халықаралық ынтымақтастықты дамыту мақсатында бірқатар кездесулерді жүргізді.
«АММ» бірінші күні Қанат Шарлапаев британдық «BGS» және «CERCAMS»компанияларының басшыларымен кездесті.
«BGS» тарапынан ұлттық және халықаралық геолого-геофизикалық зерттеулер бойынша директор, доктор Дэвид Шофилд, халықаралық цифрлық технологиялар бойынша жоба менеджері Никола Смит және СШМ саласындағы жобаларды әзірлеу жөніндегі бас геолог, доктор Эймер Дэди қатысты.
«CERCAMS» тарапынан –орталық басшысы Реймар Сельтман және Ұлыбританияның Қазақстандағы Елшісі Кэти Лич болды
Геологиялық барлау саласындағы бірлескен жобаларды талқылау үшін Министр Сауд Арабиясының Геологиялық қызметінің бас атқарушы директоры Абдулла АльШамранимен кездесті.
Әңгімелесу барысында Қазақстан-Сауд Арабиясы іскерлік кеңесінің тең төрағасы Канат Кудайберген, Қазақстан-Сауд Арабия іскерлік кеңесінің тең төрағасы және «Аль-Раджхи» индустриялық холдингінің төрағасы Ахмед Әл-Дахил, бұрғылауды құру бастама үлгілерініңиесі Абдулла Аль Джехани инвесторлармен байланыс жөніндегі аға директор Тамер Бакарман болды.