«Astana Mining & Metallurgy» Конгресі аясындағы халықаралық ынтымақтастық: делегаттармен кездесу, мүмкіндіктер мен перспективаларды талқылау

«Astana Mining & Metallurgy» Конгресі аясындағы халықаралық ынтымақтастық: делегаттармен кездесу, мүмкіндіктер мен перспективаларды талқылау

​AstanaMining & MetallurgyалаңдарындаҚРӨнеркәсіпжәнеқұрылысминистріҚанатШарлапаевтыңбасқаелдердіңқатысушы-делегаттарыменекіжақтыкездесулеріөтті

​Қанат Шарлапаев Германияның минералдық ресурстар агенттігінің (DERA) басшысы Питер Бухгольцпен кездесті. Тараптар сирек материалдар саласындағы стратегиялық ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.

​Министр кейінЕуропалық комиссия бас директорының бас кеңесшісі Хенрик Хололеймен кездесу жүргізді. Оған Еуропалық шикізат альянсы (ERMA) басшысы және Еуропалық инновациялар және технологиялар институтының (EIT Raw Materials)бас директоры Бернд Шефер де қатыстыӘңгіме барысында қатысушылар Қазақстан мен Еуропалық комиссия арасындағы сирек пайдалы қазбалар саласындағы ынтымақтастықтың стратегиялары мен перспективаларын талқылады.

​KAZRC стандарттарын енгізу аясында жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңдарды талқылау мақсатында Қанат Шарлапаев «CRIRSCO» төрағасы, Канада тау-кен институтының (CIM) директоры Гарт Киркхэммен кездесті.

​Одан кейін Қазақстанда стратегиялық инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылау үшін Министр «Hatch»басқарушы директоры Тина Армстронгпен кездесу өткізді. Сонымен қатар, оған«Hatch»коммерциялық директоры Мелани Прайс, «Hatch Advisory»тобының жобаларды қолдау жөніндегі аға менеджері және ҚР Канададағы Елшісінің экономикалық мәселелер бойынша кеңесшісі Нурлан Габдыжамалов қатысты.

​Сондай-ақ Қанат Шарлапаев «JOGMEC»компаниясының өкілдерімен әңгімелесті, олар – Металлургия стратегиясы департаменті кеңесшісінің орынбасары Tomoo Hayakawa, Металл барлау департаментінің бас директоры Kazuo Masuda, Мәскеу кеңсесінің өкілдері Yutaka Okagaki и Manko Yashiki. Кездесудің мақсаты – Жапония Премьер-Министрінің Астанаға сапарына дайындық.

​Одан бөлек, Конгрес барысында Министр«Taza Metal Technologies» негізін қалаушыларымен және никель сульфаты өндірісінің жаңа жобасымен танысты.