
Бүгін ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев «Proton Otomasyon» компаниясының негізін қалаушысымен кездесті.
Кездесу барысында Қазақстанда мыс сым өндіру бойынша жобаны іске асыру перспективалары талқыланды.
Министр Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынастың жоғары деңгейін атап өтіп, Түркия халықаралық аренада маңызды серіктес болып табылатынына тоқталды
Akcova Ugur мырза өз сөзінде бірлескен жоба Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынасты жақсартатынын жеткізді
Келіссөздер қорытындысы бойынша Тараптар сындарлы диалог үшін ризашылықтарын білдіріп, екіжақты қатынастарды дамытудың маңыздылығын атап өтті.
«Proton Otomasyon» компаниясы 2006 жылы Түркияның Денизли провинциясында құрылған және өнеркәсіптік автоматтандыру шешімдерін ұсынады. Ол қара металлургия және кабель өнеркәсібіндегі жобаларды әзірлеуге маманданған және 20-дан астам елде көптеген жобаларды сәтті іске асырған. 2008 жылдан бастап компанияның серіктесі осы салаларда 16 жылдық тәжірибесі бар «Siemens» компаниясы болып табылады.