
Ақтөбе облысының Қобда ауданында су тасқынының салдары белсенді түрде жойылуда. Қазіргі таңда зардап шеккендерге 151 жаңа үйдің құрылысы басталып, 134 үйде жөндеу жұмыстары жүргізілуде, 3 үй сатып алынды. Барлық құрылыс жұмыстарын тамыз айына дейін аяқтау жоспарланған.
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Ахуал орталығының деректері бойынша, Ақтөбе облысында 4 381 нысанға техникалық зерттеу жүргізілген. Зерттеу нәтижелері бойынша келесі шаралар жоспарланған:
- 640 үй салу
- 316 үй сатып алу
- 3 425 үйде жөндеу жұмыстарын жүргізу.
Мақсат - инфрақұрылымды тезірек қалпына келтіріп, тұрғындарды қысқа мерзімде жаңа баспанамен қамтамасыз ету.