Зардап шеккендерге арналған құрылыстың қарқынын жеделдету. Қанат Шарлапаев БҚО шалғай аудандарындағы құрылыс нысандарында жүр

Зардап шеккендерге арналған құрылыстың қарқынын жеделдету. Қанат Шарлапаев БҚО шалғай аудандарындағы құрылыс нысандарында жүр

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында су тасқынынан зардап шеккендерге арналған тұрғын үй құрылысы нысандарын аралады.

​Қаратөбе, Сырым және Теректі аудандарында құрылысты 2024 жылдың қыркүйегінде аяқтау жоспарланған.

​Ағымдағы мәлімет бойынша, Қаратөбе ауданында 97 үй зардап шексе, оның 90 үйі тұруға жарамсыз, 7 үй жөндеуді қажет етеді. Құрылыс сатысында 90 үй, 72жаңа алаңда, 18бұрынғы телімдерде.

​Сырым ауданында 257 үй зардап шекті: 114-і тұруға жарамсыз, 149-ы жөндеуді қажет етті. 114 үй құрылыс сатысында, оның 51-і жаңа телімдерде, 63-і бұрынғы телімдерде.

​Теректі ауданында 45 үй зардап шеккен, 23-і –жарамсыз, 21-і –жөндеуді қажет етеді, 1-і сатып алынған. Жаңа алаңдарда құрылыс сатысындағы 18 үй бар.

​Нысандарды тексеру барысында Қанат Шарлапаев алаңдарды құрылыс материалдарымен толық қамтамасыз етуді және құрылыс сапасын бақылауды күшейтуді тапсырды.

​