Қанат Шарлапаев Батыс Қазақстан облысына зардап шеккендердің баспанасын қалпына келтіру шараларын реттеу үшін келді

Қанат Шарлапаев Батыс Қазақстан облысына зардап шеккендердің баспанасын қалпына келтіру шараларын реттеу үшін келді

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев тұрғын үйлерді қалпына келтіру жұмыстарын реттеу және бақылау мақсатында Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді.

Орал қаласында Министр мен облыс әкімінің төрағалығымен жиын өтіп, су тасқынынан зардап шеккендерге келтірілген шығынды өтеу тетіктері, жөндеу жұмыстары мен тұрғын үй құрылысының барысы талқыланды.

Сонымен қатар, Қанат Шарлапаев құрылыс нысандарына барып, саяжай аумағын аралады.

Жалпы, Батыс Қазақстан облысында су тасқыны салдарынан 4 041 үй зардап шексе, оның 1 491-і тұрғын үйлер және 2 550-і жалғыз баспана болған саяжайлар.

Ағымдағы мәліметтер бойынша БҚО бойынша 2 401 нысан зерттеліп, нәтижесінде 401 үйді қайта салу туралы шешім қабылданып, оның 394 үйінің құрылысы басталып, 650 үйде жөндеу жұмыстары жүргізілуде, 650 үй жөнделіп бітті, жоспарланған 773 үйдің 38-і сатып алынды.