«ТКШ жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ және «Aqualia» ТҰК Қазақстанда жобаларды іске асыру перспективаларын талқылады

«ТКШ жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ және «Aqualia» ТҰК Қазақстанда жобаларды іске асыру перспективаларын талқылады

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ-да испандық «Aqualia» компаниясы мен «Базис-А» ЖШС өкілдерімен кездесу өтті.

Испандық компанияның өкілдерінің атынан «Aqualia» компаниясының Таяу Шығыс және Солтүстік Африка, Азия елдері бойынша басқарушы директоры Оскар Гарсии суды тазарту саласындағы өз білімдері мен тәжірибелерімен бөлісті және құрылыс, инфрақұрылымдық жобалар саласындағы «Базис-А» ЖШС-мен өзара тығыз қарым-қатынас туралы айтты.

Қазақстан Республикасындағы КТҚ жобалары бойынша ынтымақтастықты кеңейту перспективаларына ерекше назар аударылды. Компаниялар сумен жабдықтау және су бұру саласындағы бірлескен күштермен жүзеге асырылуы мүмкін әлеуетті жобаларды талқылады.

Сонымен қатар, «Aqualia» өкілдері Грузияның Тбилиси қаласында су арнасын жекешелендіру саласындағы өз тәжірибелері жайында айтты. Компания инновациялық су тазарту технологиялары саласындағы әлемдегі жетекші компаниялардың бірі және әлемнің әртүрлі елдерінде таза суға қол жетімділікті қамтамасыз етуде және тазарту жобаларын сәтті жүзеге асыруда мол тәжірибелері бар.

«Бұл кездесу қазақстандық және испандық компаниялар арасындағы әріптестік қатынастарды дамытудағы маңызды қадамды көрсетіп, біздің қалаларымыздың өмір сүру деңгейі мен әл-ауқатын жақсарту үшін заманауи технологиялар мен инновациялық шешімдер саласында бірлесіп жұмыс істеуге деген ұмтылысты растайды», – деді ТКШ ҚазОрталығының Басқарма төрағасы Адилхан Умербаев.

«Aqualia» – таза суға қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін кешенді шешімдерді ұсынатын су тазарту және сумен жабдықтау технологиялары саласындағы әлемдік көшбасшы. Құрылған сәттен бастап компания әлемнің әртүрлі елдерінде су ресурстарын тазарту және басқару жобаларын сәтті жүзеге асыруда. Оның технологиялық инновациялары мен экологиялық тұрақты тәсілдері «Aqualia»-ны сумен жабдықтау және суды тазарту шешімдерінің жетекші әлемдік жеткізушісі етеді.