Қанат Мыңбаев қытайлық «KOYO Elevator, CMEC, Zhehong Robot Automation (Kunshan)» компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді.

Қанат Мыңбаев қытайлық «KOYO Elevator, CMEC, Zhehong Robot Automation (Kunshan)» компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді.

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Қанат Мыңбаевтың Қытайдағы «KOYO Elevator, CMEC және Zhehong Robot Automation (Kunshan)» лифт жабдықтары мен бөлшектерін шығаратын жетекші өндірушілер делегацияларымен кездесу ұйымдастырылып, Қазақстан лифтшілері ұлттық қауымдастығының президенті де қатысты.

 

Кездесу барысында тараптар өзара ынтымақтастық және еліміздің өңдеуші саласына шетелдік инвестиция тарту мәселелері мен ұсыныстарын талқылады. Сондай-ақ, тараптар инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселесін және қытайлық компанияның перспективалық құрылыс жобаларына қатысу мүмкіндігін атап өтті

Анықтама

KOYO Elevator 2002 жылы құрылған. KOYO зауыты Куньшан қаласында (Қытай) орналасқан, оның өндірістік қуаты жылына 30 мың лифт пен 13 мың эскалаторды құрайды. Концерн өнімдері әлемнің 122 еліне жеткізіледі, атап айтқанда, Шри-Ланкадағы Lotus Tower, Милан метросы және Қытайдағы Сучжоу халықаралық көрме орталығы KOYO лифттері мен эскалаторларымен жабдықталған.

CMEC Қытайдағы ең ірі инженерлік және сауда компанияларының бірі болып табылады және электр энергиясын өндіру, беру және тарату салаларындағы энергетикалық нысандардың құрылысына маманданған. Қазіргі уақытта CMEC өз қызметін 150-ден астам елге кеңейтті.

Zhehong Robot Automation (Куншан) 2009 жылықұрылғанШанхайЦзядинауданындаорналасқан

БарлықкомпанияларөзкезегіндекомпаниялардыңқызметінеқысқашашолужасадыОлардыңқұрылысиндустриясынанбөлекбасқасалалардадаүлкентәжірибесібар