ХАБАРЛАМА Қазақстан Республикасының Индустрия және Инфрақұрылымдық даму министрлігі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретті органы ретінде, Пайдалы қатты қазбаларды барлау немесе өндіру жөніндегі операциялар жүргізу үшін жер қойнауы учаскелері бойынша аукцион (бұдан әрі – аукцион) жариялайды

ХАБАРЛАМА Қазақстан Республикасының Индустрия және Инфрақұрылымдық даму министрлігі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретті органы ретінде, Пайдалы қатты қазбаларды барлау немесе өндіру жөніндегі операциялар жүргізу үшін жер қойнауы учаскелері бойынша аукцион (бұдан әрі – аукцион) жариялайды

ХАБАРЛАМА

Қазақстан Республикасының Индустрия және Инфрақұрылымдық даму министрлігі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретті органы ретінде, Пайдалы қатты қазбаларды барлау немесе өндіру жөніндегі операциялар жүргізу үшін жер қойнауы учаскелері бойынша аукцион (бұдан әрі – аукцион) жариялайды

Аукцион мына мекен-жай бойынша өткізіледі: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 32/1-үй, Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.

Аукционның өткізілу күні, орыны және уақыты – 2020 жылғы 16 қазан, Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 15:00-де.

Аукционға қатысу өтінімдер беру мерзімі – 2020 жылдың 20 шілдеден бастап 2020 жылдың 25 қыркүйек сағат 16:00 (қоса алғанда) дейін мына мекен-жайға табысталады: 010000, Нұр-Сұлтан, Қабанбай батыр көшесі, 32/1-үй, ҚР Индустрия және Инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі – құзыретті орган).

2. Аукционның негізгі шарттары:

2.1. Жер қойнауы учаскелерінің аумақтары туралы ақпарат:

Лот №
 

Жер қойнауы учаскесінің атауы

Өңірдің атауы

Орналасқан жері

Лицензия түрі

Қол қою бонусының бастапқы мөлшері (теңге

 
 

Жер қойнауы учаскесінің ауданы,
шаршы.км

№

Географиялық координаттары

 
 

солтүстік ендік

шығыс бойлық

 

1

2

3

4

5

6

7

8

9

 

1

Сарлыбай

Ақтөбе облысы

43,566

1

48° 36' 0.39" 

59° 0' 50.05" 

Өндіру

500-АЕК

 

2

48° 35' 59.84" 

58° 53' 53.49" 

 

3

48° 38' 45.35" 

58° 53' 53.45" 

 

4

48° 38' 45.35" 

59° 0' 50.06" 

 

2

Кайрактинское

 

Елді мекендер: Қайрақты, Жұмыскер

(Шет ауданы)

Қарағанды облысы

26,899

1

48° 26' 30.83" 

73° 14' 18.04" 

Өндіру

 

(жерасты тәсілімен)

3 143 153

 

2

48° 26' 30.83" 

73° 10' 13.35" 

 

3

48° 29' 24.00" 

73° 10' 13.35" 

 

4

48° 29' 24.00" 

73° 14' 18.04" 

 

3

Куйбышевское

Оңтүстік Қазақстан облысы

2,346

1

42° 32' 43.46" 

70° 29' 28.20" 

Өндіру

500-АЕК

 

2

42° 32' 43.46" 

70° 27' 47.51" 

 

3

42° 33' 16.54" 

70° 27' 47.51" 

 

4

42° 33' 16.54" 

70° 29' 28.20" 

 

4

Нарқызыл

Жамбыл облысы

10,349

1

43° 35' 22.17" 

74° 39' 34.40" 

Өндіру

500-АЕК

 

2

43° 35' 22.17" 

74° 36' 24.67" 

 

3

43° 36' 40.97" 

74° 36' 24.67" 

 

4

43° 36' 40.97" 

74° 39' 34.40" 

 

5

Тешік-Тас

Жамбыл облысы

5,418

1

43° 16' 59,89" 

70° 14' 40.80" 

Өндіру

500-АЕК

 

2

43° 18' 19.99" 

70° 14' 40.80" 

 

3

43° 18' 19.99" 

70° 16' 18.03" 

 

4

43° 16' 59.89" 

70° 16' 18.03" 

 

6

КСРО 50 жылдығы шахтасы алабындағы учаске(терең деңгейжиектер)

 

Елді мекен: Сарань қ.

Қарағанды облысы

0,0047

1

49° 46' 59.43" 

72° 55' 1.26" 

Өндіру

 

(жерасты тәсілімен)

500-АЕК

 

2

49° 46' 58.06" 

72° 54' 58.11" 

 

3

49° 46' 59.65" 

72° 54' 56.21" 

 

4

49° 47' 1.03" 

72° 54' 59.31" 

 

7

ХІ учаске
(А5-6 қа қабаты)

 

Елді мекен: Қарағанды қ.

Қарағанды облысы

1,797

1

49° 53' 14.82" 

73° 7' 34.56" 

Өндіру

 

(жерасты тәсілімен)

500-АЕК

 

2

49° 53' 37.31" 

73° 7' 34.56" 

 

3

49° 53' 37.31" 

73° 9' 44.12" 

 

4

49° 53' 14.82" 

73° 9' 44.12" 

 

8

Приозерное кен орнының  Карьерный учаскесі

Қостанай облысы

2,093

1

52° 31' 5.95" 

64° 43' 33.82" 

Өндіру

500-АЕК

 

2

52° 32' 5.57" 

64° 43' 33.82" 

 

3

52° 32' 5.57" 

64° 44' 34.06" 

 

4

52° 31' 5.95" 

64° 44' 34.06" 

 

9

Ақтас шахтасы алабындағы учаске
(К5/3-К1 қабаттары)

Қарағанды облысы

2,222

1

49° 54' 30.95" 

72° 53' 29.57" 

Өндіру

500-АЕК

 

2

49° 55' 30.98" 

72° 53' 29.57" 

 

3

49° 55' 30.98" 

72° 54' 29.60" 

 

4

49° 54' 30.95" 

72° 54' 29.60" 

 

10

 Жаныспай

Қостанай облысы

2,093

1

52° 1' 30.83" 

65° 37' 29.68" 

Өндіру

500-АЕК

 

2

52° 2' 30.70" 

65° 37' 29.68" 

 

3

52° 2' 30.70" 

65° 38' 28.96" 

 

4

52° 1' 30.83" 

65° 38' 28.96" 

 

11

Бөгембай

 

Елді мекен: Бөгембай

Ақмола облысы

2,104

1

52° 25' 29.15" 

72° 17' 30.70" 

Өндіру

 

(жерасты тәсілімен)

500-АЕК

 

2

52° 26' 29.28" 

72° 17' 30.70" 

 

3

52° 26' 29.28" 

72° 18' 30.58" 

 

4

52° 25' 29.15" 

72° 18' 30.58" 

 

12

Ойқарағай

Алматы облысы

31,75

1

43° 12' 24.00"

80° 38' 00"

Өндіру

500-АЕК

 

2

43° 12' 24.00"

80° 41' 00"

 

3

43° 10' 00"

80° 41' 00"

 

4

43° 10' 0.12"

80° 34' 51.52"

 

5

43° 11' 20.64"

80° 34' 51.52"

Өндіру

500-АЕК

 

6

43° 11' 20.64"

80° 36' 9.30"

 

7

43° 12' 1.00"

80° 36' 9.01"

 

8

43° 12' 1.00"

80° 38' 00"

 

13

Промежуточное

Ақтөбе облысы

0,66

1

49° 6' 35.07" 

59° 15' 13.34"

Өндіру

500-АЕК

 

2

49° 6' 12.80" 

59° 15' 13.34"

 

3

49° 6' 12.80" 

59° 14' 26.33"

 

4

49° 6' 35.28" 

59° 14' 26.33"

 

14

Солнечное

 

Елді мекен: Жамбыл

(Шет ауданы)

Қарағанды облысы

1,52521707

1

71° 21' 0.00"

47° 13' 33.01"

Өндіру

 

(жерасты тәсілімен)

500-АЕК

500-АЕК

 

2

71° 21' 59.00"

47° 13' 33.01"

 

3

71° 21' 59.00"

47° 13' 13.00"

 

4

71° 22' 8.18"

47° 13' 13.00"

 

5

71° 22' 8.18"

47° 12' 54.01"

 

6

71° 21' 23.00"

47° 12' 54.01"

 

7

71° 21' 22.08"

47° 12' 59.53"

 

8

71° 21' 0.00"

47° 13' 0.01"

 

15

Узынмурт

Қарағанды облысы

7,932441261

1

73° 22' 0.00"

49° 30' 48.00"

Өндіру

500-АЕК

 

2

73° 22' 0.00"

49° 31' 58.00"

 

3

73° 24' 21.01"

49° 31' 58.00"

 

4

73° 24' 21.01"

49° 30' 7.00"

 

16

Надырбай I

Қарағанды облысы

0,779274254

1

66° 33' 11.00"

48° 14' 26.00"

Өндіру

500-АЕК

 

2

66° 33' 58.00"

48° 14' 26.00"

 

3

66° 33' 58.00"

48° 14' 0.01"

 

4

66° 33' 11.00"

48° 14' 0.01"

 

*АЕК  - республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және конкурс шарттары жарияланған күнге қолданыста болатын айлық есептiк көрсеткiш

2.2. Аукционға қатысу үшін қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қайтарылмайтын жарна төлеу қажеттігін көрсету және аукционға қатысу үшін банктік деректемелері – аукционға қатысу үшiн жарна мөлшерi 40 (қырық) АЕК 206108 «Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, республикалық бюджетке түсетін басқа да салықтық емес түсімдер»  Қазақстан Республикасының бірыңғай бюджет түсімі сыныптамасының кодына аударылады. Банк деректемелеріне қатысты мәселелер бойынша заңды немесе жеке тұлғаның тіркелу орны бойынша салық органдарына хабарласуы керек.

2.3. Қол қойылатын бонусты төлеу жөніндегі міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етуді ұсыну үшін мөлшері мен деректемелері:

Қол қойылатын бонусты төлеу жөніндегі міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етуді Қазақстан Республикаы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің деректемелері бойынша осы Хабарламаның 3.4. тармағына сәйкес мөлшерде ұсынылады.

Егер өтініш беруші ағымдағы жылдың мұнай секторы ұйымдар тізіміне қосылған жағдайда қол қою бонусы бойынша төлем «Мұнай секторы ұйымдарының бонусы» 105325 бюджеттік классификациясы кодына тіркеу орны бойынша бюджетке төленеді.

Егер өтініш беруші аталған тізімге қосылмаған жағдайда қол қою бонусы бойынша төлем «Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағандағы бонустар» 105305 бюджеттік классификациясы кодына тіркеу орны бойынша бюджетке төленеді.

Бюджетке төлемдер бойынша деректемелер Қазақстан Республикаы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің kgd.gov.kz сайтында жарияланған.

3. Аукционға қатысу үшін өтінім

3.1. Аукционға қатысуға мүдделі адамдар аукционға қатысуға өтініштерді қабылдау аяқталатын күннен және уақыттан кешіктірмей аукционды өткізу тәртібіне байланысты ақпаратты ала алады.

3.2. Аукционға қатысуға мүдделі адам құзыретті органға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қазақ және орыс тілдерінде аукционға қатысуға өтініш (бұдан әрі-өтініш) жібереді.

Егер адам бір лот бойынша аукционға қатысуға мүдделі болса, өтініштер әрбір лот бойынша жеке беріледі.

3.3. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

1) өтініште көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелері;

2) өтініш берушінің атынан әрекет ететін адамның өкілеттігін растайтын құжат, егер мұндай адамды өтініш беруші тағайындаған болса;

3) егер аукцион қорытындылары бойынша пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензия бойынша жер қойнауы учаскесін беру көзделіп отырса, бірінші жыл ішінде кемінде он блокта барлау жөніндегі операцияларға арналған ең төменгі шығыстарды жабуға жеткілікті өтініш берушінің кәсіби және қаржылық мүмкіндіктерін растайтын құжаттар; 

егер аукцион қорытындысы бойынша пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензия бойынша жер қойнауы учаскесін беру көзделіп отырса - өтініш берушінің кәсіби, техникалық және қаржылық мүмкіндіктерін бірінші жыл ішінде кемінде жүз гектарда өндіруге арналған ең төменгі шығыстарды жабу үшін жеткілікті растайтын құжаттар;  

4) өтініш берушінің республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің жоқтығы туралы өтініш берілген күннің алдындағы күнтізбелік он күннен бұрын берілген салық органының анықтамасы;

5) осы Қағидаларға сәйкес қол қойылатын бонусты төлеу жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкінің кепілдігі немесе сақтандыру шарты;

6) аукционға қатысу үшін жарна төлеу туралы төлем тапсырмасы.

3.4. Аукцион аукционды өткізу туралы хабарламада көрсетілген аукцион өткізілген күннен бастап есептелетін, қолданылу мерзімі үш айдан ерте емес қол қойылатын бонусты төлеу жөніндегі міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етуді алдын ала ұсына отырып өткізіледі.

Қол қойылатын бонусты төлеу жөніндегі міндеттеме Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкінің кепілдігімен немесе сомаға сақтандырумен қамтамасыз етіледі:

жер қойнауындағы пайдалы қатты қазбалардың өнеркәсіптік санаттарының бекітілген қорлары жоқ аукцион аумақтары бойынша – Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес белгіленетін қол қойылатын бонустың кемінде он еселенген бастапқы мөлшері;

жер қойнауындағы пайдалы қатты қазбалардың өнеркәсіптік санаттарының бекітілген қорлары бар аукцион аумақтары бойынша – Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес белгіленетін қол қойылатын бонустың бастапқы мөлшерінен кем емес.

3.5. Өтінішке қоса берілетін құжаттардың көшірмелері нотариалды куәландырылуы тиіс.

Өтінішке қоса берілетін құжаттар қазақ және орыс тілдерінде жасалуы тиіс.

Өтінішке қоса берілетін шет тілінде жасалған құжаттардың көшірмелері қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасымен бірге ұсынылады, оның дұрыстығын нотариус куәландырған.

3.6. Өтінішті қарау нәтижелері бойынша құзыретті орган өтініш берушіні аукционға қатысуға рұқсат беру туралы немесе аукционға қатысуға рұқсат беруден бас тарту туралы хабардар етеді.

3.7. Құзыретті орган мынадай негіздердің бірі болған кезде аукционға қатысуға жіберуден бас тартады:

1) өтініш немесе оған қоса берілетін құжаттар осы Қағидалардың және Кодекстің талаптарына сәйкес келмесе;

2) өтініш берушіден немесе өтініш берушіні тікелей немесе жанама бақылайтын немесе оның бақылауындағы адамнан өтініш берілгенге дейін бір жыл ішінде құзыретті орган аукцион аумағында пайдалы қатты қазбаларды барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жер қойнауын пайдалану құқығын тоқтатқан;

3) өтініш бергенге дейін күнтізбелік бір жыл ішінде өтініш беруші немесе өтініш берушіні тікелей немесе жанама бақылайтын немесе оның бақылауындағы адам аукцион аумағында орналасқан жер қойнауы учаскесінен немесе оның бөлігінен бас тартқан;

4) өтініш берушіге аукцион қорытындылары бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияны беру елдің ұлттық қауіпсіздігіне немесе жер қойнауын пайдалану құқығын шоғырландыруға әкеп соғады;

5) өтініш берілген күннің алдындағы бес жыл ішінде өтініш беруші немесе өтініш берушіні тікелей немесе жанама бақылайтын немесе оның бақылауындағы адам өздерінің пайдалануындағы жер қойнауы учаскелерінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі міндеттемелерді орындамаған немесе тиісінше орындамаған;

6) аукционға қатысуға өтініш аукционға қатысуға өтініштерді қабылдау аяқталатын күннен және уақыттан кеш берілсе;

3.8. Аукционға қатысуға рұқсат беруден бас тарту жазбаша нысанда шығарылады және дәлелді болуға тиіс.

3.9. Аукционға қатысуға өтініште жіберілген грамматикалық немесе арифметикалық қателер, қателер не өзге де осыған ұқсас қателер аукционға қатысуға жіберуден бас тарту үшін негіз болып табылмайды.

3.10. Өтініш беруші аукционға қатысуға жіберуден бас тартуға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аукционға қатысуға жіберуден бас тарту туралы хабарламаны алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей шағым жасай алады.

3.11. Аукционға қатысуға жіберуден бас тарту аукцион өткізу туралы хабарламада көрсетілген мерзім ішінде өтініш берушіні қайтадан өтініш беру құқығынан айырмайды.

Назар аударыңыздар! Бұдан әрі көрсетілетін ақпарат белгіленген тәртіпте конкурсқа қатысуға жіберілген өтінім берушілерге ғана қатысты!

4. Аукционды өткізу тәртібі

4.1. Аукцион өткізу туралы хабарламада көрсетілген күні аукцион өткізіледі.

4.2. Аукционға қатысуға жіберілген және аукционға қатысушылар ретінде тіркелген өтінім берушілер қатысады.

4.3. Аукцион өткізілетін күні конкурстық комиссияның хатшысы аукционға қатысушылар мен қатысушылардың өкілдерін тіркейді.

4.4. Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

жеке тұлғалар үшін-өтініш берушінің немесе оның өкілінің жеке басын куәландыратын құжат. Өтініш берушінің өкілі қатысқан жағдайда оның өкілеттігін растайтын сенімхат қоса беріледі;

заңды тұлғалар үшін-басшының немесе оның өкілінің жеке басын куәландыратын құжат. Өтініш берушінің өкілі қатысқан жағдайда, оның өкілеттігін растайтын, заңды тұлғаның мөрімен (болған жағдайда) және басшысының қолымен расталған сенімхат қоса беріледі.

4.5. Аукционды өткізу конкурстық комиссия тартатын не комиссия құрамынан сайланған аукционшыға тапсырылуы мүмкін.

4.6. Аукцион оны өткізу қағидаларын жариялаудан басталады.

Аукционды өткізу қағидаларын бұзған қатысушыларды немесе қатысып отырған адамдарды аукционшы аукционды өткізу залынан шығарады.

Әрбір лот бойынша сауда-саттық аукционшының жазылу бонусының бастапқы мөлшерін және бағаны өзгерту қадамын жариялауынан басталады. Аукционшы бұл туралы аукционға қатысушыларға хабарланған кезде        сауда-саттық процесінде қадамды өзгертуге рұқсат береді. Өзгерту қадамы ағымдағы бағаның бестен он пайызына дейінгі мөлшерде белгіленеді.

Сауда ағылшын әдісі бойынша өткізіледі.

4.7. Аукционшы сауда-саттыққа қатысушылардың аукциондық нөмірлерін жариялайды, қол қойылған бонустың мөлшерін бекітеді және оны арттыруды ұсынады. Сауда-саттық барынша ұсынылған мөлшерге дейін өтеді.

4.8. Аукционшы жазылу бонусының бастапқы бағасын және бағаның өсу қадамын жариялайды. Сауда-саттық қатысушыларының нөмірін қабылдау бастапқы бағаны ұлғайтады, бірақ жариялғанған қадамнан кем.

4.9. Аукционшы қол қойылған бонустың соңғы мөлшерін үш рет қайталайды және басқа көтерілген нөмірлер болмаған кезде балға ұрумен жеңімпазды жариялайды. Үш рет жарияланғаннан кейін қол қойылған бонустың ең жоғары мөлшерін ұсынған және аукционның басқа қатысушыларынан оны арттыруға ұсыныс болмаған аукционға қатысушы жеңімпаз деп жарияланады.

4.10. Бір кестені көтерген жағдайда аукционшы тақтайшаны көтерген аукционға қатысушының тіркеу нөмірін атайды. Бірнеше кесте көтерілген жағдайда аукционшы бірінші болып тақтайшаны көтерген аукционға қатысушының тіркеу нөмірін атайды.

4.11. Егер қол қойылған бонустың бастапқы мөлшерін жариялағаннан кейін қатысушылардың ешқайсысы тақтайшаны көтермесе, аукцион өтпеді деп танылады. Аукцион өткізілмеді деп танылған жағдайда, өтініш берушілер аукционға қатысудан бас тартқан болып есептеледі.

4.12. Аукционның нәтижелері конкурстық комиссияның барлық қатысушы мүшелері қол қоятын хаттамамен ресімделеді.

4.13. Аукцион нәтижелері туралы хаттамада:

1) аукционды өткізу және оның қорытындыларын шығару орны мен уақыты;

2) аукцион өткізілген аукцион аумағы және оның қорытындылары бойынша беру көзделіп отырған жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияның түрі;

3) аукцион өткізуге қатысқан Конкурстық комиссия мүшелерінің құрамы;

4) аукцион жеңімпазы және аукционға басқа да қатысушылар туралы мәліметтер:

жеке тұлғалар үшін – өтініш берушінің тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) ;

заңды тұлғалар үшін-заңды тұлғаның атауы, басшының не оның өкілінің тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде) ;

өтініш берушінің өкілі қатысқан жағдайда – тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) және өкілеттігін растайтын құжат туралы мәліметтер;

5) аукцион нәтижелері бойынша айқындалған қол қойылған бонустың түпкілікті мөлшері;

6) конкурстық комиссияның қарауы бойынша өзге де ақпарат көрсетіледі.

4.14. Аукцион қорытындылары бойынша, оның ішінде Қағидалардың 43-тармағы екінші бөлігінің немесе 46-тармағы екінші бөлігінің ережелерін ескере отырып айқындалған қол қойылған бонустың мөлшері лицензия шарттарына енгізілуге тиіс.

4.15. Аукционның нәтижесіне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен дау айтылуы мүмкін.

4.16. Аукцион нәтижелері олар шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде құзыретті органның интернет-ресурсында орналастырылуға және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымында қазақ және орыс тілдерінде жариялануға тиіс.

4.17. Аукцион мынадай жағдайларда өткізілмейді:

1) аукционға қатысуға өтініштер болмаған;

2) аукционға қатысуға екеуден аз өтініш берілген;

3) аукционға қатысуға екіден кем адам рұқсат етілген жағдайларда аукционға қатысуға жіберілмейді.

Егер аукцион осы тармақтың 3) тармақшасында көзделген негіз бойынша өткізілмеген болса, жер қойнауын пайдалануға арналған лицензия аукционға қатысуға жіберілген жалғыз адамға беріледі.

5. Аукцион мынадай:

1) аукцион өткізілетін күні аукционға екіден кем қатысушы тіркелген;

2) аукцион өткізілетін күні аукционға бірде-бір қатысушы тіркелмеген;

3) егер қол қойылған бонустың бастапқы мөлшері хабарланғаннан кейін қатысушылардың ешқайсысы тақтайшаны көтермеген жағдайларда өтпеді деп танылады.

Егер аукцион осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген негіз бойынша өтпеді деп танылса, жер қойнауын пайдалануға арналған лицензия аукционға тіркелген қатысушыға беріледі.

Пайдалы қатты қазбаларды барлау немесе өндіру жөніндегі операциялар жүргізу үшін жер қойнауы учаскелері бойынша аукционды өткізу келесі нормативтік-құқықты актілермен реттеледі:

  • «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 125-VI Кодексі;
  • Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № 257 бұйрығымен бекітілген Пайдалы қатты қазбаларды барлау немесе өндіру жөніндегі операциялар жүргізу үшін жер қойнауы учаскелері бойынша аукцион жүргізу қағидаларын бекіту туралы;

Анықтама үшін телефондар: (8 7172) 983-414, 983-415.

Қосымша