КАНАТ ШАРЛАПАЕВ ВСТРЕТИЛСЯ С ПРЕДСТАВИТЕЛЯМИ «NFC KAZAKHSTAN» И ТОО «EURASIA COOPER PLC»

КАНАТ ШАРЛАПАЕВ ВСТРЕТИЛСЯ С ПРЕДСТАВИТЕЛЯМИ  «NFC KAZAKHSTAN» И ТОО «EURASIA COOPER PLC»

Бүгін ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев NFC Kazakhstan халықаралық бас директоры және «Eurasia Cooper PLC» ЖШС басқарма төрағасымен кездесті.

Кездесу аясында «Бенкала» және «Оңтүстік Бенкала» кен орындарын игеру, қуаттылығы жылына 10 мың тонна катодты мыс өндіретін зауытты жаңғырту және іске қосу бойынша бірлескен жұмыс перспективалары талқыланды. Сондай-ақ, жылына 10-15 миллион тонна кен өндіретін және концентратта 75-85 мың тонна мыс өндіретін байыту фабрикасының құрылысы талқыланды. Жобаға жоспарланған инвестиция 780 миллионнан 1,2 миллиард АҚШ долларына дейін.

Министр елдер арасындағы қарым-қатынастың жоғары деңгейін атап өтіп, Қытай Халық Республикасы Қазақстанның халықаралық аренадағы маңызды серіктесі екенін атап өтті.

Өз кезегінде Li Fang ханым қабылдау үшін алғысын білдіріп, аталған жоба аясындағы бірлескен ынтымақтастық елдер арасындағы өзара қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтеретінін атап өтті.

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар сындарлы диалог үшін ризашылықтарын білдіріп, екіжақты қарым-қатынастарды дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Айта кетейік, NFC Kazakhstan Қытайдағы мемлекет бақылайтын және бүкіл әлем бойынша тау-кен өндіру және қайта өңдеу нысандарын салуға маманданған ірі компаниялардың бірі.

NFC тікелей қатысуымен Қазақстан электролиз зауыты, Бозшакөл және Ақтоғай заманауи тау-кен кешендері сияқты жобалар жүзеге асырылды.