ҚР ӨҚМ Қазақстан Республикасы Сот Әкімшілігінің қатысуымен кеңес өткізді

ҚР ӨҚМ Қазақстан Республикасы Сот Әкімшілігінің қатысуымен кеңес өткізді

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі а. ж. 28 мамырында ҚР Сот Әкімшілігімен бірлесіп бейне-байланыс конференциясы арқылы Қазақстан Республикасы Сот Әкімшілігінің Әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы хатшылығының меңгерушісі Салтанат Шамшинурова, Заң департаментінің директоры ДанираСұраужанованың және Министрліктің құрылымдық бөлімше қызметкерлерінің қатысуымен кеңес өткізді.

Кеңесте Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексті қолдану практикасын қарау мәселелері талқыланды.

​ДСұраужанова қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік істерді қарау бойынша оңды динамиканы атап өтті. 

​С.Шамшинурова өз сөзінде 2023 жылғы мемлекеттік органдарға қатысты әкімшілік істерді қараудағы сот тәжірибесін талдауға назар аударды. Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігімен жүргізілген талдау нәтижелері бойынша 2023 жылы Министрліктің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), әкімшілік актілеріне қатысты сотқа 260 шағым жасалды.  

Жиналыс қорытындысы бойынша проблемалық сұрақтарды шешу туралы ұсыныстар енгізілді.