«Ютария ltd» компаниялар тобы тігін және тоқыма бұйымдарының 500-ден астам түрін шығарады

«Ютария ltd» компаниялар тобы тігін және тоқыма бұйымдарының 500-ден астам түрін шығарады

«Ютария ltd» компаниялар тобы 2002 жылы құрылды. Осы уақыт ішінде компания мемлекет пен «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС қолдауымен шағын санаттан орта, содан кейін ірі бизнес санатына өтті.

Бүгінгі таңда «Ютария ltd» компаниялар тобының ассортиментінде 500-ден астам тігін және тоқыма бұйымдары бар. Бұл түрлі-түсті және қара металлургия, тау-кен өндіру және байыту кәсіпорындары, сондай-ақ химия, мұнай-газ, энергетика және экономиканың басқа да салалардың қызметкерлері үшін корпоративтік киімдерді жобалап, модельдеп,  тігеді және өнеркәсіптік көлемде өндіреді. 

Өнімнің жоғары сапасы, тапсырыс берушінің талаптары, сондай-ақ берілген тапсырыстың көлемі заманауи кәсіби жабдықтар мен инновациялық технологияларды қолдану арқылы қамтамасыз етіледі.

«Ютария ltd» компаниялар тобы мемлекеттік жеке-меншік әріптестік тетіктерін тиімді пайдалануда. Алғашқы он жылда компания «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында индустриялық-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасы бойынша үш инвестициялық жобаны іске асырды. Бұл ретте үш жобаның екеуі моноқалаларда іске қосылды, екеуі ҚР «Индустрияландыру картасы» мемлекеттік бағдарламасына енді.

2021 жылдың сәуір айында Қарағанды қаласында ауданы 1620  ш.м. ғимарат базасында «Ютария ltd» КШОП» ЖШС тігін өндірісі ашылды. Инвестиция көлемі 250 млн. теңгені құрады.

Осы салада Жезқазған және Қарағанды қалаларындағы кәсіпорындарда барлығы 1000-ға жуық маман жұмыс істейді.