
2020 жылдың 2 маусымында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Д.Р. Щеглованың төрағалығымен ТКШ саласында сандық шешімдерді енгізу мәселелері бойынша "Атамекен" ҰКП-мен бірлескен семинар-кеңес өткізілді. Семинар-кеңеске сондай-ақ ІТ-қоғамдастығының және жергілікті атқарушы органдардың және "ТКШ ҚазОрталығы" АҚ өкілдері қатысты.
Кеңес барысында "ТКШ ҚазОрталығы" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Н.Н. Серіков тұрғын үй қатынастары және ТКШ саласындағы заңнамадағы өзгерістер туралы, салалық деректерді электронды түрде орталықтандырылған дұрыс жинауды қамтамасыз ету үшін осындай сандық бағдарламалық өнімдерге қажетті ең төменгі техникалық және функционалдық талаптарды әзірлеудің маңыздылығы туралы хабарлады.
Енгізу жоспарланып отырған және енгізілген көрсетілген деректер негізінде тұрғын үй қорын басқару органдарынан, коммуналдық қызметтерді жеткізушілерден және тұрғындардың өздерінің бастапқы деректеріне негізделген тұрғын үй қоры мен жалпы ТКШ саласының жай-күйіне жедел мониторингті жүзеге асыру мүмкін болады.
Семинар-кеңес барысында еліміздің әртүрлі қалалары мен аймақтарында енгізілген әкімдіктердің өкілдері үшін шешімдерді ұсынған отандық IT-компаниялардың "питчингі" өткізілді.
Қатысушылар осы саладағы цифрлық шешімдерді одан әрі дамыту жоспарларымен және одан әрі ынтымақтастық жөніндегі ұсыныстармен бөлісті.
Өз кезегінде, Басқарма төрағасының орынбасары – "Атамекен" ҰКП Басқарма мүшесі О.Т. Ордабаев аталмыш мәселені дамытудың маңыздылығын атап өтіп, бизнес-қоғамдастық пен мемлекеттік органдар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға қажетті қолдау көрсетуге дайын екендігін білдірді.
Семинар-кеңестің қорытындысы бойынша вице-министр осы әлеуметтік маңызды бағытты цифрландыру бойынша одан әрі жұмысты жеделдету жөнінде бірқатар ұсыныстар берді.