Қуандық Қажкенов «BlueGen Water» компаниясының өкілдерімен кездесті

Қуандық Қажкенов «BlueGen Water» компаниясының өкілдерімен кездесті

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов Израильдің жетекші «BlueGen Water» компаниясымен кездесіп, қызметімен жан-жақты танысты.

«BlueGen Water» компаниясының бизнесті дамыту, бірігу және қосылу жөніндегі вице-президенті Лиад Сиван компанияның сарқынды суларды тазарту және рекультивациялау жүйесі, сондай-ақ су айналымы, кәріз жүйелері, су құбырлары және құбыр желілерін дамыту саласындағы қызметі мен іске асырылған жобалармен таныстырды.

BlueGen Waterұлттық экологиялық инфрақұрылым саласында және су ресурстарын басқару, ағынды суларды тазарту және қайта өңдеу, сондай-ақ тұзсыздандыру және суды үнемдеу жүйелерін дамыту саласындағы инновациялық шешімдерді ұсынады.BlueGen Water өкілі Харел Рауч суды үнемдейтін технологияларды қолданудың, теңіз суын тұщытудың және сарқынды суларды тазартудың маңыздылығын атап өтті.

​Кездесулер нәтижесінде бірлескен бастамаларды одан әрі зерделеу туралы келісімге қол жеткізілді.

 

 

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі