ӨҚМ вице-министрі Иран Шархан азаматтарды қабылдау өткізді

ӨҚМ вице-министрі Иран Шархан азаматтарды қабылдау өткізді

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан а. ж. 21 мамырында Үкіметтің Азаматтарды қабылдау орталығында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізді.

Қатысушылар, оның ішінде «Восточное рудоуправление» ЖШС бас директоры, «Теллур Голд» ЖШС және «Комплексная геолого-экологическая экспедиция» ЖШС өкілдері бар, келісім-шарт мерзімін ұзарту мәселелері, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану және геологиялық барлау саласына инвестициялау мүмкіндіктері бойынша жүгінді.

Вице-министр азаматтарға танытқан белсенділік пен табандылық, геология саласын дамытуға деген құлшыныстары үшін алғыс айтып, барлық сұрақтар мен ұсыныстарға жан-жақты жауап берді.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі