«Назар-Текстиль» жылына 3 млн. шаршы метр кілем шығара алады

«Назар-Текстиль» жылына 3 млн. шаршы метр кілем шығара алады

«Назар-Текстиль» ЖШС компаниясы 2012 жылы Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймақта құрылған.  2014 жылы желтоқсан айында аталған өндіріс кешенін іске қосып кілем тоқыма фабрикасы өз өнімін шығаруды бастады.    Бірінші кезеңде ені төрт метр қолданылған CRX82 екі тоқыма қондырғысы және бірнеше кілем өңдеу қондырғылары іске қосылған болатын. 2015 жылы жаңа ені бес метр RCI02  екі дана қондырғы алынып іске қосылса, 2016ж жаңа  тағы үш дана RCI02 қондырғысын Бельгия елінен алынып іске қосылды. Ал 2021 жылы Түркия елінен қолданыста болған екі дана RCI02- RCI03 тоқыма қондырғысы алынып іске қосылды. Қазіргі таңда жалпы 9-дана кілем тоқыма қондырғысы бар. Бұдан бөлек кілем өңдеу қондырғысы кілем астарын LARK желімдеу қонырғысы, кілем шетін тігу, тізбекті кілем өңдеу қондырғылары жаңғыртылып жаңа қондырғылар іске қосылған болатын. 2017-2018жж.  Назар текстиль әкімшілік басқару ғимаратын 6-қабатты пайдалануға берілді.

Күн сайын біздің кілем безендіруші дизайнарлеріміз заманауи және бүгінгі  күн талабына сай кілемдердің көптеген жаңа үлгідегі түрлерін жасап келеді.  Кілемнің келесі түрлері (кілемдер, кілемше жол төсеніштері, мейрамханаларға, мешіттерге арналған ковроландар, балалар бөлмесіне арналған кілемдер, адамдардың және жануарлардың бейнелері салынып тоқылған жеке кілемдер, жатын бөлмелерге және табалдырыққа арналған кілемшелер, автокөліктерге арналған кілемшелер) тоқылады. Сонымен қатар, өнімнің 300-ден астам түрі шығарылады және олар үнемі жаңартылып отырады.  

Кілем өндірісіндегі кәсіпорын қуаттылығы жылына - 3 млн. шаршы метр. Бұл жерде 100  адам жұмыспен қамтылған. Өндіріс кешенініңм аумағы - 3,6 Га. Кілем зауытында жұмыс жасап тұрған қондырғылар Бельгия және Түркия елдерінен алынған. Қазіргі уақытта өндіріс көлемі -12 800 шаршы метр.  

Биыл 2024жылғы жоспар бойынша осы кілем өңдеу қондырғыларын адам қолының күшіне тәуелділікті азайту мақсатында жаңа автоматты қондырғыларға тапсырыс беріліп жаз айларында іске қосу көзделуде. 2025 жылы алдағы жоспар бойынша полиэстер жіп иіру зауытын қолға алу мақсаты Құрылтайшылар тарапынан алға қойылды. Одан бөлек кілем тоқыма цехын заманауи үлгіде қайта жаңа ғимарат салынып, тоқыма қондырғыларының ауқымын кеңейтуді яғни санын арттыруды жоспарлап отыр.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі