
Бұл туралы ҚР Үкіметінің отырысында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев айтты. Ол Саран қаласын мысалға ала отырып, моноқалалар экономикасын әртараптандырудың маңыздылығын атап өтіп, Екібастұз қаласын дамыту жоспарларына тоқталды.
Қаланы дамыту 3 негізгі бағыт бойынша жоспарлануда: бұл энергетика, металлургия және теміржол өнімдерін өндіру кластерлері. Энергетика саласының жақсаруы Екібастұз ГРЭС қуаттылығын арттырумен байланысты.
«Металлургия өнеркәсібінің дамуы «Mineral Product» ЖШС негізгі серіктес ретінде қосылып, Индустриалды аймақ құру туралы шешім қабылдау арқылы қамтамасыз етіледі. Құрылыс кезеңінде 800, пайдалану кезеңінде 4 000 жұмыс орны ашылады. 100 млрд теңгеден астам инвестиция тартылуы күтілуде», – деді Министр.
Өңірде ферроқорытпа, болат және темір өндіру зауыттары салынады.
Екібастұз қаласында теміржол кластерін құру аясында 700-ге жуық жұмыс орнын қамтамасыз ететін «Локомотивтерге арналған бандаждар өндірісі» жобасы іске қосылды.
Сонымен қатар, Қанат Шарлапаев моноқалаларда Министрліктің құзыретіне кіретін салаларда 1,5 мың кәсіпорын жұмыс істейтінін, олардың өткен жылы өндірілген өнім көлемі 18,5 триллион теңгені немесе республикалық көрсеткіштің 40%-ын құрағанын атап өтті.
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі