
ҚР ӨҚМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті 2024 жылғы 23 сәуірде сағат 10:00-де Астана қ. «Мемсараптама» РМК ғимаратында (Күлтөбе т.к, 7, 1-қабат) құрылыс жобаларына (ТЭН, ЖСҚ) ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу, барлық деңгейдегі қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу, құрылыс жобаларының мемлекеттік банкін қалыптастыру және жүргізу, сондай-ақ құрылыс жобаларының мемлекеттік банкінен техникалық-экономикалық негіздемелерді, үлгілік жобаларды және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын беру бойынша «Мемсараптама» РМК жұмыстарының құны жобаларын талқылау жөнінде жария тыңдаулар өткізеді.
Байланыс телефондары: 8 (7172) 57 61 37, 8 (7172) 57 37 22.
Эл. мекенжай: www. mps@mps.gov.kz, www.gosexpertiza.kz.