«ТКШ ҚазОрталығы» АҚ-да «Қазақстандағы сарқынды суларды тазартуға арналған мембраналық технологиялар: сын-қатерлер мен перспективалар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

«ТКШ ҚазОрталығы» АҚ-да «Қазақстандағы сарқынды суларды тазартуға арналған мембраналық технологиялар: сын-қатерлер мен перспективалар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

«ТКШ ҚазОрталығы» АҚ-да Азия Даму Банкінің және «Қазақстандағы сарқынды суларды тазартуға арналған мембраналық технологиялар: сын-тегеуріндер мен перспективалары» тақырыбында суды тазарту технологияларын жеткізуші компаниялардың өкілдерімен дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел ағынды суларды тазарту үшін мембраналық технологияларды қолдану кезінде кездесетін негізгі ерекшеліктер мен кедергілерді қарастырды.

«Зенгир НС» компаниясының бас директоры Еркін Кенжебаев мембраналық технологияның негізгі аспектілерін таныстырып, оның осы саладағы тиімділігі мен халықаралық тәжірибесін атап өтті. Баяндамада Ағынды суларды тазарту саласындағы негізгі мәселелер де атап өтілді.

«INTERTECH System Ltd.» ЖШС директоры Бейбіт Сұлтанбаев пен «Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы» ЗТБ жанындағы сумен жабдықтау және су бұру мәселелері жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі Болат Қасымов осы саладағы заманауи технологияларды дамыту және тазарту құрылыстарын жаңғыртуға инвестициялардың тиімділігін арттыру тетіктері туралы өз көзқарастарымен бөлісті.

Сонымен қатар, дөңгелек үстел барысында кездесуге қатысушылар ауыз судың тұздану проблемасының өзектілігін, сондай-ақ ағынды суларды тиімді тазарту үшін ультрафильтрациялық қондырғыларды пайдалану қажеттілігін атап өтті.

Сарапшылардың пікірінше, мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы ағынды суларды тазарту бойынша мембраналық және басқа да технологияларды қолдану жобаларын іске асырған жөн.

Қорытындылай келе, «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ Басқарма төрағасы Әділхан Өмірбаев КТЖ-ның бірінің базасында сарқынды суларды тазарту бойынша мембраналық және басқа да технологияларды қолдануға пилоттық сынақтар жүргізуді және тәжірибеде күрделі және пайдалану шығындарын бағалауды, сондай-ақ кәріз-тазарту құрылыстарының ЖСҚ әзірлеу кезінде әртүрлі технологияларды салыстыруды ұсынды.

«ТКШ ҚазОрталығы» АҚ сарапшылардың, даму институттары мен технология өндірушілерінің қатысуымен тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылым саласындағы өзекті тақырыптар бойынша сараптамалық қоғамдастықтың осындай кездесулерін өткізуге ниет білдіреді.