
Түркістан қаласына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев құрылыс нысандарын аралады.
Құрылыс «Жаңа қала» шағын ауданында жүріп жатыр, 51 тұрғын үй салынуда. Оның 34-і (2482 пәтер) мемлекеттік бюджет есебінен және 17 тұрғын үй (1485 пәтер) жеке инвесторлардың көмегімен салынып жатыр.
Министр бірінші кезекте 5,6 га аумақта орналасқан, 66,3 мың ш. м., 1066 пәтерді құрайтын 9 қабатты блокталған жеті тұрғын үйдің құрылыс алаңдарын аралады. Мердігері – «INTER CONSTRUCTION» ЖШС. Бұл жеті үйді биыл пайдалануға беру жоспарлануда.
Келесі кезекте Министр 5,4 га жердегі 9 қабатты екі тұрғын үйді аралады. 2024 жылдың соңына дейін екі үй, оның ішінде 12,6 мың ш. м. 216 пәтер, Түркістан қаласы әкімдігінің балансына беріледі. Нысандардың мердігері «KAZELITSTROY 2050» ЖШС.
Қанат Шарлапаев 50,4 мың ш. м., 800 пәтерді құрайтын 11,4 га жердегі 5 қабатты жиырма тұрғын үйдің құрылыс алаңында болды. Ағымдағы жылдың соңына дейін 20 құрылыс нысаны пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі