Өнеркәсіп және құрылыс министрі Түркістан қаласының тұрғындарымен кездесу өткізді

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Түркістан қаласының тұрғындарымен кездесу өткізді

Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Түркістан қаласына жұмыс сапары барысында қала халқымен кездесу өткізді.

Жиында өнеркәсіптік кәсіпорындар мен құрылыс ұйымдарының, БАҚ өкілдері және т.б. болды. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қоя алды.

Сонымен, жиын барысында бизнесті жүргізу үшін жағдайды жақсарту бойынша ұсыныстар, оның ішінде отандық кәсіпкерлерді қолдаудың жаңа механизмдерін енгізу мүмкіндіктерін қарастыру туралы өтініштер айтылып, отандық шикізат тапшылығы мәселесі де айқындалды. Бұған жауап ретінде Министр мемлекет қазақстандық өндірісті жан-жақты қолдайтынына сендірді және отандық шикізатты экспорттауды лицензиялауды енгізу жоспарлары мен өңдеуші кәсіпорындарды отандық шикізатпен қамтамасыз ету бойынша келісімдер жасау міндеттемелері туралы айтты. Бұл бізге шикізатты ішкі нарықта бәсекеге қабілетті бағамен сатуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, өтініш беруші Г.Әбішева Министрге нақты нарыққа қажетті сегментте өндірісті іске қосу мәселелерін нақты реттеуді енгізу үшін Өңірлік индустриялық даму картасын әзірлеу қажеттігі туралы айтты.

Темірбетон құрылыс материалдарын шығаратын зауыттың басшысы Н.Амантаев өз өнімдерін сататын нарықтың жоқтығы мәселесіне тоқталды.

Министр өз кезегінде айтылған барлық ұсыныстарды толық қолдайтынын айтып, мәселелерді бақылауға алып, қажетті қолдау көрсетуді тапсырды.

 

 

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі