
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Түркия Республиксының Ұлттық қорғаныс министрінің орынбасары Б. Дұрдалы бастаған түрік делегациясымен кездесу өткізді.
Келіссөздер барысында әскери-техникалық ынтымақтастық және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелеріне ерекше назар бөлінді.
Қазақстан-түрік қарым-қатынстары барлық салаларда стратегиялық сипатқа ие, ол қарым-қатынастарды ерекше сенімгерлік нысанда дамытудың ерекше қарқынын береді.
Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар бір-біріне ризашылықтарын білдіріп, екіжақты қарым-қатыныстарды дамытудың маңыздылығын атап өтті.