Алакөлге әуе рейстері туралы

Алакөлге әуе рейстері туралы

«SCAT» әуе компаниясы» АҚ сыйымдылығы 50 адамдық Bombardier CRJ200 типті әуе кемесімен субсидияланатын келесі рейстерді орындайды:

Нұр–Сұлтан – Үшарал - Нұр-Сұлтан бағытында 2020 жылғы 27 мамырдан бастап аптасына 7 рет. Жолаушыны бір жаққа тасымалдау тарифі 16 000 теңге.

Алматы - Үшарал - Алматы бағытында 2020 жылғы 28 мамырдан бастап аптасына 7 рет.  Бір жаққа билет құны 10 000 теңге.

«Оңтүстік аспан» АҚ сыйымдылығы 50 адамдық АН-24 әуе кемесімен субсидияланатын келесі рейстерді орындайды:

Алматы – Үржар - Алматы бағытында 2020 жылғы 23 мамырдан бастап аптасына 7 рет.  Жолаушыны бір жаққа тасымалдау тарифі 14 000 теңге.

Нұр-Сұлтан – Үржар - Нұр-Сұлтан бағытында 2020 жылғы 23 мамырдан бастап аптасына 7 рет.  Жолаушыны бір жаққа тасымалдау тарифі 16 000 теңге.

«SCAT» әуе компаниясы» АҚ өтінімі бойынша қыркүйек пен қазан айларында жиіліктің азаюын ескере отырып, Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Үшаралға аптасына қосымша 7 рейске көшіру мәселесі қарастырылуда.

Сондай–ақ, Министрлік 2020 жылға бөлінген субсидия көлемін ұлғайту және халықтың туристік қажеттілігін қанағаттандыру үшін Алматы– Жезқазған-Алматы, Нұр–Сұлтан – Балқаш - Нұр-Сұлтан, Нұр–Сұлтан – Үшарал - Нұр-Сұлтан бағыттарында қосымша рейстерді шілде айынан бастап іске қосу мәселесін пысықтауда.