
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде Халықаралық әйелдер күнін мерекелеуге арналған салтанатты шара өтті. Шара аясында Қанат Шарлапаев министрлік қызметкерлерін құттықтап, саланың дамуына қосқан зор үлестерін атап өтіп, кәсіби жетістіктері үшін алғыс хаттарын табыс етті.
Министр өз сөзінде шын жүректен алғысын білдіріп, ел өміріндегі әйелдердің маңыздылығына тоқталды:
«Жыл сайын осы мереке аяулы аруларымызға ерекше түрде ілтипат етуге, мемлекетіміз бен қоғамымыз өміріндегі Сіздердің аса маңызды рөлдеріңізді атап өтуге мүмкіндік береді. Бүгінде біз көптеген әйелдердің жоғары лауазымдарда қызмет етіп, ел игілігі үшін жұмыс істеп, керемет біліктілік пен көшбасшылық танытып жатқанын көріп отырмыз».
Әсіресе әйелдердің басқарудың барлық деңгейінде жетекші рөл атқаратынын атап өткен жөн, бұл олардың кәсіби шеберлігінің айқын көрсеткіші. Министрлікте 43 әйел басшы қызметте, оның ішінде бір вице-министр, 6 департамент директоры, 4 директордың орынбасары, 32 басқарма басшысы бар. Министрлік қызметкерлерінің жалпы санының 51%-н әйелдер құрайды, бұл олардың белсенді рөлі мен Министрліктің жұмысына қосқан елеулі үлесін көрсетеді.
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс
министрлігінің баспасөз қызметі