
2024 жылғы 5 наурызда ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі жер қойнауын пайдаланушылар өз есептерін Жер қойнауын пайдаланушылардың «Minerals.gov.kz» бірыңғай платформасы арқылы тапсыру жөніндегі пилоттық жобасын іске қосты.
Жер қойнауын пайдаланушылар қатты пайдалы қазбаларды барлау және өндіру, кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде Жер қойнауын пайдаланушылардың есептерді ұсыну қағидаларын басшылыққа алады (ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 мамыр № 374 бұйрығымен бекітілген).
Осылайша Пилоттық жобаға сәйкес жер қойнауын пайдаланушы енді барлау және өндіру жұмыстарын жүргізу кезінде келесі есеп түрлерін электронды түрде ұсына алады:
- Қағиданың 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі лицензиялық міндеттемелердің орындалуы туралы есеп;
- Қағиданың 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қатты пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі лицензиялық міндеттемелердің орындалуы туралы есеп.
Есептерді жер қойнауын пайдаланушылар «Minerals.gov.kz» платформасында электрондық нысанды толтыру арқылы ұсынады және ақпарат бергені үшін өкілеттік берілген жер қойнауын пайдаланушының лауазымды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылады.
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс
министрлігінің баспасөз қызметі