Тимур Қарағойшин азаматтардың жеке қабылдауын өткізді

Тимур Қарағойшин азаматтардың  жеке қабылдауын өткізді

2024 жылғы 5 наурызда Үкіметтің Азаматтарды қабылдау орталығында Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Тимур Қарағойшин азаматтардың жеке мәселелері бойынша қабылдауын өткізді.

         Келген азаматтар Вице-министрге Алматыдағы СЖТ және эскиздік жобаның күшін жою, саяжай құрылысы және жетім балаларға арналған тұрғын үйді тегін жекешелендіру мәселелері бойынша жүгінді. Қабылдауға жазылған азаматтардың көбісі Астана, Талдықорған, Шымкент және Қарағанды тұрғындары.

         Жиын барысында өтініштер бірлесе қаралып, әрқайсысына қолданыстағы заңнама аясында түсініктемелер берілді. Сондай-ақ, Алматы қаласы бойынша СЖТ мен эскиздік жобаның күшін жоюға қатысты Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының шешіміне шағым жасалып, жоба да тексерістен өтуде.Жетім балаларға арналған тұрғын үйді тегін жекешелендіру мәселесіне қатысты Тимур Қарағойшин «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасы туралы айтты, онда жетім балаларды тегін жекешелендіру бөлімінде өзгертулер ұсынылды. Қазіргі уақытта заң жобасы Парламент Мәжілісінде пысықталуда.

         Отырыс барысында сондай-ақ саяжай құрылысы және су пайдаланушылар кооперативін басқару нысаны туралы заң қабылдау ұсынысы айтылды, оған сәйкес Вице-министр аудандық және қалалық мемлекеттік органдардың  атқарушы билік тарапынан өткізілетін барлық қажетті шараларды тізіп, тиісті жауап берді, және де су пайдаланушыларға қатысты ережелерді әзірлеу ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің құзыретіне жататынын атап өтті.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі