ҚР ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС МИНИСТРІ ТАУ-КЕН МИНИСТРЛЕРІНІҢ ТОҒЫЗЫНШЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САММИТІНЕ ҚАТЫСТЫ

ҚР ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС МИНИСТРІ ТАУ-КЕН МИНИСТРЛЕРІНІҢ ТОҒЫЗЫНШЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САММИТІНЕ ҚАТЫСТЫ

Канада, Торонто қаласында өтіп жатқан PDAC-2024 конференция аясында Тау-кен министрлерінің тоғызыншы жыл сайынғы халықаралық саммиті (IMMS) өткізілді, оған жетекші тау-кен саласына жауапты министрлер және әлемнің көрнекті сала өкілдері жиналды. Қазақстан республикасынан іс-шараға ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі, Қанат Шарлапаев қатысты.

Саммиттің мақсаты халықаралық деңгейде пайдалы қазбаларды барлау және игеруге қатысты өзекті мәселелер мен перспективаларды жан-жақты талқылау үшін алаң құру болды. Іс-шараға қатысушылар тау-кен өнеркәсібіндегі соңғы жетістіктер туралы пікір алмасты, әлемнің әртүрлі аймақтарындағы саланың тұрақты дамуының қиындықтары мен мүмкіндіктерін талқылады.

Қазақстан Республикасының осындай маңызды халықаралық шараға қатысуы еліміздің жаһандық тау-кен өнеркәсібіндегі стратегиялық маңыздылығын және оның пайдалы қазбаларды барлау және өндіру саласындағы серіктестікті тереңдетуге ұмтылысын растайды.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі