ӨҚМ-ДЕ ШЕТЕЛДІК ТІРКЕУДЕГІ КӨЛІКТЕРДІ ЗАҢДАСТЫРУ МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША БАСТАМАШЫЛ ТОППЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ӨҚМ-ДЕ ШЕТЕЛДІК ТІРКЕУДЕГІ КӨЛІКТЕРДІ ЗАҢДАСТЫРУ МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША  БАСТАМАШЫЛ ТОППЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Ағымдағы жылғы 4 наурызда ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде шетелдік тіркеудегі автокөлікті заңдастыру мәселесі бойынша бастамашыл азаматтар тобымен кездесу өтті.

Өтініш берушілердің сұрақтарына ҚР ӨҚМ Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары Шыңғыс Сүйінбаев, ҚР ЭБЖМ қалдықтарды басқару департаментінің директоры Динара Әжіғалиева, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Кедендік бақылау департаментінің директоры Елдос Саудабаев, сондай-ақ ҚР ҰЭМ, ҚР ІІМ өкілдері, «Жасыл даму» АҚ өкілдері жауап берді.

Кездесу барысында азаматтардың сатып алынған шетелдік көліктерді әкелу кезінде бастапқы тіркеу және қайта өңдеу алымдарының мөлшерлемесін төмендету жөніндегі сұрақтары мен ұсыныстары талқыланды.

Мемлекеттік органдардың өкілдері бастамашыл топтың барлық ұсыныстарын мұқият тыңдап, көтерілген мәселелерге қатысты тиісті түсініктемелер берді.

Министрліктің қабылданған шаралары отандық көлік өндірісін, сондай-ақ қалдықтарды өңдеу жөніндегі ішкі инфрақұрылымның бәсекеге қабілеттілігін жақсартуға бағытталған деген ұстанымы айтылды.

Кездесуге қатысушыларға тарифтерді төмендету қазіргі уақытта қарастырылмайтындығы, ал шетелдік автокөліктерді тіркеу кезінде төлемдердің болуы техникалық регламенттерге сәйкес келмейтін көлік құралдарының импортын шектеп қана қоймай, сонымен қатар жинақталған қаражатты отандық автокөлік өндірісін дамытуға бағыттау мақсатында қабылданғаны түсіндірілді.

Айтылған проблемалық мәселелер тиісті мемлекеттік органдарды тарта отырып және қолында тиісті құжаттамамен атаулы түрде шешілуі тиіс екендігі атап өтілді.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі