
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мүдделі тараптарды «2024-2026 жылдарға арналған қорғаныс өнеркәсібі және онымен сабақтас салалар саласындағы Салалық келісім» 2024 жылғы 22 қаңтардан бастап күшіне енгені туралы хабардар етеді (Келісімнің 15.1-тармағына сәйкес).
Келісімнің 15.6-тармағы негізінде министрлік жұмыс берушілер бірлестіктеріне және келісім жасасуға қатыспаған қорғаныс өнеркәсібі және онымен байланысты салалар қызметкерлерінің бірлестіктеріне оған қосылуды ұсынады.
Егер жұмыс берушілер бірлестіктері, жұмыс берушілер, қорғаныс өнеркәсібі және онымен сабақтас салалар қызметкерлерінің бірлестіктері Келісімге қосылу туралы ұсыныс ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде Министрлікке жазбаша дәлелді бас тартуды ұсынбаған жағдайда, онда Келісім осы ұсыныс ресми жарияланған күннен бастап оларға таратылған болып есептеледі.
https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/documents/details/611777?lang=kk