
Қазақстанда инфрақұрылымдық-тұрғын үй кешенін көміртексіздендіру үшін алғашқы Республикалық «Association Decarbonize and Cost Engineering» қауымдастығы құрылды. Құрылтайшылары «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ, «Decarbonize Solutions Group» ЖШС, «ABC-K ғылыми-өндірістік кәсіпорны» ЖШС және International Climate Change Solutions Eurasia Ltd. Бастама ресурс үнемдеуші технологияларды енгізуге және Қазақстанда төмен көміртекті экономиканы қолдауға бағытталған. Негізгі міндеттерге шығарындыларды азайту, үздік тәжірибелерді аттестаттау және инфрақұрылымдық-тұрғын үй кешені үшін инновациялық бағдарламаларды әзірлеу кіреді.