
Бүгін Астаналық Оқушылар сарайында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Тимур Қарағойшиннің Астана қаласы тұрғындарымен кездесуі өтті. Кездесуге аймақ тұрғындары, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, қоғам қайраткерлері, БАҚ өкілдері қатысты.
Өз сөзінде вице-министр тұрғын үй мәселелерін шешу мемлекеттің басты әлеуметтік міндеттерінің бірі екенін атап өтті.
2023 жылдың қорытындысы бойынша 10 657 жалға берілетін пәтер сатып алынды, оның ішінде Астана қаласында – 1600 пәтер немесе ел бойынша жалпы көлемнің 15%. Ағымдағы жылы республика бойынша 4910 пәтерді сатып алуға шамамен 67 млрд.теңге бөлінді, Астана қаласы бойынша 2024 жылы 323 жалға берілетін пәтерді сатып алу жоспарлануда. Жалпы, жыл сайын 10 мыңға жуық кезекте тұрғандарды сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарлануда.
Кезекте тұрғандарды мемлекеттік қолдаудың тағы бір шарасы Отбасы банкі арқылы 2% және 5% ставкалар бойынша жеңілдікті қарыздар беру болып табылады. Мұқтаж азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз етуді ұлғайту мақсатында әкімдіктерге жеке құрылыс салушылардан дайын кредиттік тұрғын үйді сатып алу құқығын беру жоспарлануда. Вице-министрдің айтуынша, осылайша құрылыс мерзімінің ұзақтығы және берілетін тұрғын үйдің сапасы сияқты бірнеше проблемалық мәселелер шешілетін болады.
Қосымша, мемлекет тарапынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау мақсатында Отбасы банкі арқылы тұрғын үйге жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау жүргізіледі. 50% мемлекет есебінен төленеді, қалған 50% азаматтар төлейді.
2023 жылдың қорытындысы бойынша тұрғын үйді жалға беруді субсидиялауға 10 мың өтініш беруші (Астана – 400-ге жуық алушы) төлем тағайындалды.
Ағымдағы жылдың басынан бастап республика бойынша 5 мыңнан астам өтінім келіп түсті, төлем 911 өтініш берушіге тағайындалды.
Сондай – ақ, кездесу барысында вице-министр тұрғын үй саясатын реформалаудың жаңа тәсілдері туралы, мысалы, Отбасы банкі базасында тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығын құру, азаматтардың жекелеген санаттары үшін қолданыстағы жеңілдіктер мен басымдықтарды қайта қарау туралы айтты.
Кездесу барысында елорда тұрғындары тұрғын үй беруге, ескі көппәтерлі үйлерге күрделі жөндеу жүргізуге, үлестік құрылыс мәселелерін шешуге қатысты сұрақтар қойды.
Вице-министр халықтың туындайтын барлық мәселелерін қолданыстағы заңнама шеңберінде шешу қажет екенін атап өтті.
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі